Қытайдың Шыңжаң өлкесінде туып, 25 жасында Қытай ғылым академиясында жұмыс істеген, әлемнің ең мықты ядролық физиктерінің басы қосылған Швейцариядағы ЦЕРН орталығында квант физикасынан PhD қорғаған, содан кейін АҚШ-қа келіп, ғылыми медицина саласында отыз жыл жұмыс істеп, әріптестерімен бірге өкпенің қатерлі ісігін бірнеше миллиметр түйін кезінде көре алатын құрылғы ойлап тапқан қазақты елестете аласыз ба? Ол кісі қай тілде сөйлеуі мүмкін? Сөз саптасы қандай? Мінез-құлқы қандай? Манат Мәуленбай бүкіл өмірі шет елде өтсе де, нағыз қазақылықтың иісін сақтап қалған ерекше азамат, аса білімді ғалым, потенциалы өте жоғары стартап негізін қалаушы. Подкасымыздың бүгінгі шығарылымында ол "қаймағы бұзылмаған қазақтың ортасы - Алтай өлкесінде өткен балалық шағы туралы, Қазақстаннан көшіп кетуге мәжбүр болған нағашы әжесі туралы, Советтік Қазақстан мен XX ғасырдағы Қытай қазақтарының арақатынасы туралы, медицина технологиясы саласындағы стартабы туралы, Қытайдың шағын ұлттарға қатысты саясаты туралы әңгімелеп берді. Аса қызықты, мағлұматы мол, үйренері көп әңгіме болды деп ойлаймыз. Сапалы қазақша контентті қолдап, лайк басып, комментарий жазып, видеомен бөлісулеріңізді сұраймыз. 0:00:00 Тизер0:01:21 "Алтай - қазақтың қаймағы бұзылмаған ең ақырғы жері". Қытайдың қазақтары туралы0:05:17 "Тарыдай шашылған қазақ". Манат ағаның нағашы әжесінің шекара асқан хикаясы0:11:59 Алтайда қазақ мәдениетінің бұзылмай сақталуының себебі неде? 0:14:41 "Қазақстан тәуелсіздік алғанда, жүрегім өрекпіп жетіп келдім, бірақ көңілім суып кетті"0:16:48 Қытай қазақтары қандай әліппені қолданады? 0:18:09 Қытай қазақтары Советтік Қазақстан туралы ақпаратты қайдан алды? 0:23:23 Қазақстанда шетелден келген қандастарға "Оралман" деп қарауының себебі0:27:50 Қытай үкіметінің Қазақстанға деген ниеті қандай? 0:33:12 "Квантум физикасын Швейцариядағы ЦЕРН орталығында зерттедім" 0:37:21 Қазақ ғылымы Қытайдағы, Швейцариядағы, АҚШтағыдай даму үшін не істеу керек? 0:41:54 "Қазақстан экономикасын өз ерекшеліктеріне негіздеп отырып дамыту керек"0:46:00 ЦЕРН-де PhD жасаған соң неге АҚШ-қа көшіп келді? 0:50:55 Квант физикасынан медицина индустриясына қалай келді? 0:53:18 Өкпе ісігін ең бастапқы кезеңінде табуға мүмкіндік беретін стартабы туралы1:15:52 Қытайда "қайта тәрбиелеу лагеріне" тап болған туған ағасы Қанат Ережеп туралы1:21:55 Қытайдың ұлттарға қатысты саясаты өзгергеннен кейін Қытай қазақтарының көңіл-күйі қалай? 1:25:42 Шыңжаң қазақтары қытаймен қыз алысып, қыз берісе ме? 1:28:40 Қазіргі Қазақстан туралы ойы1:32:35 Болашақтың ғылымы - AI негізделген биология туралы
АҚШ университеттерінде қазақ тілінен сабақ беретін жалғыз оқытушы болған қалай? Атыраудың Қызылқоға ауылында туып-өскен, қазір Лос Анжелестің тұрғыны Фатима Молдашева АҚШ-тағы жиырма жылдық қазақ тілі оқытушысы карьерасы туралы айтып берді. Америкалықтарға қазақ тілі не үшін керек? Қазақстанға қатысты ғылыми тақырыптарды не үшін таңдайды? Көптеген қазақстандықтардың жылдап қазақша үйрене алмауына не себеп? Америкалық отбасыға келін болудың ерекшеліктері қандай? Балалар қазақ тілі мен дәстүрін ұмытпау үшін не істеу керек? Және тағы да көптеген сұрақтарға жауап берді. 0:00:00 Анонс0:01:28 Фатима Молдашева, америкалық университетте қазақ тілінен беретін оқытушы0:04:50 Америкалықтарға қазақ тілін үйрену не үшін қажет? 0:08:41 Қазақстанды зерттейтін шет ел ғалымдарына қандай тақырыптар қызық? 0:14:47 "Америкалықтарға мал-жан қалай деп амандасуды үйреттім"0:18:45 "Қазақстанға барған сайын олар бұзылып келеді"0:19:47 Сонау 2007 ж. Ақтөбеде жүрген Фатима Индианадан қалай бір шықты?0:24:04 "Жұмысқа шақырған америкалық профессорға мен ұша алмаймын, билет алатын ақша жоқ" дедім0:28:16 "Адай мінезімнен студенттерім "зардап шекті""0:30:25 Қазақстанда орыс тілді адамдарға қазақша үйрету неге қиын? 0:37:00 Мультинәсілді некеде балаларды қазақша тәрбиелеу қиынға соқты ма? 0:41:40 "Күйеуге шыққанда іші қазақша жабдықталған үйге келдім"0:44:06 "Балаларым қазақша білгендіктен, ерекше жоғары эмпатияға ие"0:50:03 "Америкалық әжелердің жұмысбасты кестесі"0:56:11 Америкалық әйелдердің отбасыдағы ролі қандай? 0:57:46 Қазақы тәрбие мен америкалық тәрбиенің ұқсамайтын тұстары1:00:40 Фатима Қазақстандағы мектеп оқушыларына қалай көмектесіп жүр? 1:09:01 "Кей қазақ ақын-жазушыларынан неуродивергент қасиет байқаймын"Арнамызға жазылып отыруды ұмытпаңыз. Лайк басып, комментарий қалдырып кетсеңіз, сапалы қазақ тілді контентті қолдауға үлес қосасыз. Фатима Молдашеваның инстаграмы: https://www.instagram.com/qazaqmom/Арай Сабыржанның инстаграмы: https://www.instagram.com/araisabyrzhan/Ақсәуле Әлжанның инстаграмы: https://www.instagram.com/aksaule_alzhan/Подкасымыздың инстаграмдағы аккаунты: https://www.instagram.com/korshiler.podcast/Жазылыңыздар, байланыста болайық.
Galym Imanbayev grew up traveling with his father to remote villages in Kazakhstan, witnessing hospitals (and entire healthcare system) left abandoned after the collapse of the Soviet Union. At just eight years old, he moved to the United States, later earning dual bachelor’s degrees in Biology and Economics at Stanford, followed by an MD and an MBA at the same university.Since his parents, who came from Kazakhstan carrying only books, could not afford his tuition, he was compelled to seek financial aid from Stanford University. Later, after working and saving money, he enrolled in a dual master’s program. Today, he is a venture capitalist in healthcare — a partner at a leading investment firm. Galym has already deployed over $500 million into startups.Since English is his most comfortable language, our conversation took place in English (with Kazakh subtitles available).In this episode, you’ll hear a story of remarkable perseverance, wisdom beyond his years, deep faith, and a mindset grounded in science. Galym blends the warmth of Kazakh roots with the pragmatism and work ethic of American culture. We believe this inspiring conversation will motivate you as much as it did us.Let’s support quality Kazakh-language content together — hit like, leave a comment, and share this episode with your friends. Our podcast deserves to be seen by more people!Also, if you are new to our channel, we have a playlist of English language episodes, check them out! You will learn more about the wonderful country we proudly call home.
Жәнібек Рысбек - әлемдегі алдыңғы қатарлы хирургиялық роботтарды жасап шығаратын ірі америкалық компанияда робототехникамен айналысады. Жәнібектің жұмысын жасай алу үшін механика, компьютер ғылымдары, инженерия, физика, математика мен биологиядан хабардар болуыңыз керек. Жәнібек құрастыруға ат салысқан роботтар осы күнге дейін миллиондаған адамға жеңіл ота жасалып, олардың тез аяққа тұруына себеепші болған. Талантты отандасымыз роботттардың не екенін, олардың күнделікті өмірімізге, тұрмысқа қашан енетінін, роботтардың болашақта қандай роль алатынын әңгімелеп берді.
Продюсер, кәсіпкер Жан Мұқанов - "Цукербергтің көршілерінде" қонақта. Соңғы кезде қазақ қоғамын толқытып жүрген мәселелер бойынша қызу пікірталас туындады. "Қазақша сөйле" деп талап ету дұрыс емес. Шаконың қызы оны таңдағаны үшін өзі кінәлі. Асырай алмайтынын біле тұрып, бес бала туу - әйелдің кінәсі. Бала тәрбиесіндегі жақсы да, жаман да әйелден. Демократия шектен шықса, жақсылыққа әкелмейді. Қонағымыздың осы секілді екіұдай пікірлеріне сіз қалай жауап берер едіңіз?
Кәсіпкер әрі инфлюенсер Роза Әшірбаева Сан Францискода. "Қазақ қыздарының дауысы" болып, Роза Коуч атымен танылған блогер АҚШ-та не істеп жүр? Медиадағы образы мен өмірдегі образы сәйкес келе ме? Роза көпшілікке танылу үшін қандай қадамдарға барды? Жасанды Интеллект оның өмірі мен кәсібіне қандай жаңалық алып келді? АҚШқа жасаған алғашқы сапарында ойындағы Америка мен шынайы Америка образдары сәйкес келді ме? Нью Йорк несімен таң қалдырды? Стэнфорд профессорлары мен Big Tech компанияларынан не үйренді? Мүмкіндікті пайдаланып, Розадан "Цукербергтің көршілері" туралы пікір сұрап, фидбәк алдық.
Физика бойынша дүниежүзілік олимпиадалардың жүлдегері, Назарбаев университетінің түлегі, қазір Стэнфорд университетінде "Электротехника" мамандығында докторантурада оқып жатқан Айвар Абрашұлы подкасымыздың бүгінгі қонағы. Әлемдегі топ университетке түсу кішкентайынан арманы болған Айвар осы арманына қалай қол жеткізгенімен бөлісті. Сонымен бірге бізбен бірге кампусты аралап, тұратын, оқитын, спортпен айналысып, тамақ ішетін жерлеріне дейін көрсетіп, экскурсия жасады. Мектепте оқып жүріп, дүниежүзілік олимпиадаларға қай жастан бастап дайындалған дұрыс? Магистратура оқымай-ақ, бірден PhD студент атану үшін не істеу керек? Тараздағы ҚТЛ мектебінде MIT, Стэнфорд секілді ЖОО неге үлкен беделге ие? Айына $4000 стипендия барлық шығынды жабуға жете ме? Стэнфорд асханасында түскі ас ішу қанша тұрады және қандай тамақ ішуге болады?Тараздағы қарапайым отбасыдан шығып, әлемдегі ең үздік оқу орындарының бірінде білім алып жатқан қазақ жігітінің жолы сізді де шабыттандырады деген ойдамыз. Сапалы қазақша контентті қолдау үшін лайк басып, комментарий қалдырып кетсеңіз, алғысымыздың астында қаласыз.
Дінтанушы, Құран оқытып үйрететін ұстаз әрі блогер Айбөпе Кемелдинова ислам туралы сұрай алмай жүрген сұрақтарыңызға жауап береді. Исламды Түркия мен АҚШтағы көрнекті ЖОО-да игеріп, қарапайым да қанық тілмен көпке танытып жүрген Айбөпе "қазақтар арабтанып бара жатыр" деген пікірге қатысты өз жауабын берді. Қазақтың ұлттық дәстүрі Ислам қағидаттарына кереғар ма? Қазақстан қоғамы мұсылман дініне көзқарас негізінде неге екіге бөлінеді? Орамал таққан қыздар мен сақал жіберген жігіттерден қорқу қайдан шықты? Төрт әйел алуға рұқсат, музыка тыңдау харам деген сияқты пікірлер туралы дін жолындағылар не дейді? Айбөпенің ислам діні туралы курстары мен блоггинг қайдан бастау алады?
Арман Жармағамбетов Кремний алқабында жасанды зердені ғалым ретінде зерттеп жүрген қазақ жігіті. Ақтөбедегі қатардағы мектептердің бірін бітіріп, Калифорнияда Computer Science-тан PhD қорғап, қазір Марк Цукербергтің қасында Fundamental AI Research деп аталатын ғылыми жобада зерттеуші болып жұмыс істейді. Хайп болған AI тақырыбын бүге-шігесіне дейін білетін екі қазақ болса, соның бірі - Арман. Жасанды зердеден келетін пайда көп пе, зиян көп пе? Жасанды интеллект қарапайым адамдардың өмірін қалай өзгертеді? Әр үйде киім үтіктеп, кір жуып беретін роботтар қашан пайда болады? Жасанды зерде дамып кетіп, қойылған қауіпсіздік шараларын айналып өтіп, адамзаттың өмір сүруіне қауіп төндіруі мүмкін бе? Адамзаттың психологиясы, әлеуметтік антропология бірер жылда қалай өзгеруі мүмкін? Жүздеген миллион қаржы құйылып жасалған Open AI, LLaMA секілді жобаларды бірнеше миллион доллар ғана қаржы жұмсалған қытайлық DeepSeek-тің басып озғаны рас па? Қазақстандағы қатардағы орта білімнің сапасы АҚШта мықты карьера жасауға жеткілікті ме? Осы және басқа да көптеген сұрақтардың жауабы бүгінгі эпизодта.
23 жасында табысы миллион доллардан асатын технологиялық компанияны басқарып, өнімдерін ЦОНдар, университеттер мен ҰБТ орталықтарына сатып, Кремний алқабына көшіп, компанияны халықаралық деңгейге шығару үшін не істеу керек? Бүгінгі эпизодтың кейіпкері Нұрәлі Сарбақыш осы сұрақтың жауабын біледі. Адамдар алдауға неге құмар? Қазақстанда тұрмыстық коррупцияны жою мүмкін бе? Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету неге маңызды? Қытай soft powerді қалай дамытып жатыр? Қытайлықтар Қазақстанға шынымен жау ретінде қарай ма? "Кремний алқабынан келген стартап" деген сөз есіктерді қалай ашады? Нұрәлі өзінің жасын бизнестік қарым-қатынаста қалай пайдаланады? Тамашалап, тыңдап, ұнаса лайк басып, жазылуды ұмытпаңыздар. Қазақ тіліндегі сапалы контентті бірге қолдайық
Жадыра Еркеш - Беркли университетіндегі Ногалес зертханасында постдок жасап жатқан Қазақстаннан шыққан ғалым. Оның зерттеу саласы ДНК структурасындағы хроматин мен жалпы эпигенетиканың биохимиясын қамтиды. Біздің жеті атамыздың басынан өткені, жеген тамағы мен өмір сүрген салты біздің өміріміз бен денсаулығымызға қалай әсер етіп жатыр? Бала денсаулығына ана ғана емес, әкенің таңдаулары қалай әсер етеді? Қазақы тәрбиенің кемшілік тұстары бар ма? Нобель сыйлығының иегерлерімен жұмыс істеу қалай? Жадыра Сауд Арабиясы мен АҚШта оқығанда мәдени шокта болмай, оның орнына ҚазҰУдан Назарбаев Университетіне барғанда неліктен мәдени шокта болды?
Туғанда анасынан айрылып, 25 жылдан кейін қайта қауышқан америкалық қазақ қызы Сейдж Гүлмира Фолейдің оқиғасы сізді бей-жай қалдырмайтын шығар. Америкалық Фолей отбасы оны 3 жасында Астанадағы жетімдер үйінен асырап алып кетеді. Ал оның туған анасы қызын туа сала шетінеп кетті деп ойлаған. Араға жылдар салып, Сейдж Гүлмира туған анасымен қайта қауышты. Бұл оқиға "Шетелдегі қазақ балалары" сериясының "Өлген қызы тіріліп келді" эпизодында жақсы суреттелген. Сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=bo1rCJj39QYБүгінгі эпизодта Гүлмира сол кездесудің бүге-шегесімен бөліседі. Ол кішкентайынан Қазақстан туралы білді ме? Американың ең консерватив штатында ақ нәсілді отбасыда жалғыз азиат болып өсу қалай болды? Туған отбасын табатынына неліктен сенбеді және тапқанда қандай сезім-күйде болды? Қазақстанға алғаш рет келгенде не сезінді? Қазақстаннан алған әсері қандай? Жылқы еті мен шұбатты неліктен ұната қоймады? Туған отбасымен қауышу оның өмірін және мамандығын қалай өзгертті? Американ және қазақ менталитеттерінің ерекшеліктері бар ма? Осы және басқа да сұрақтардың жауабы "Цукербергтің көршілерінің" кезекті эпизодында. Сұхбат ағылшын тілінде, қазақ тіліндегі субтитрлер подкастың Youtube тегі нұсқасындаThe story of Sage Gulmira Foley, an American Kazakh girl who lost her mother at birth and reunited with her after 25 years, might touch anyone. The American Foley family adopted her from an orphanage in Astana, Kazakhstan, when she was 3. Her birth mother thought that her daughter died at birth. Years later, Sage Gulmira reunited with her biological mother. This story is beautifully depicted in the episode "Dead Daughter Comes Back to Life" of the series "Adopted Kazakh Children Abroad." Link: https://www.youtube.com/watch?v=bo1rCJj39QYIn today's episode, Sage Gulmira shares details about her reconnection with her birth family. Did she know about Kazakhstan from a young age? What was it like growing up as the only Asian in a white family in America's most conservative and rural state? Why did she not believe that she would find her birth family, and how did Sage Gulmira feel when she found them? What were her thoughts when she first arrived in Kazakhstan? Why did she not like horse meat and camel milk? How did reuniting with her birth family change her life and profession? Enjoy watching "Цукербергтің көршілері." For the authenticity, we decided to keep it in English. Please excuse our imperfect English, and hopefully, you will learn one or two things about Kazakhstan. (If you are interested in Kazakhstan, Kazakh culture, are a researcher of Kazakhstan or think your life journey might be interesting for Kazakh viewers, please email us at zkbailanys@gmail.com)
Не керек болса, сондай көмек беретін, әрқашан қасыңыздан табылатын, хатшы-көмекші-дос-құрбы-қызметші "Періште" ойлап тапқан Қазақстаннан шыққан америкалық кәсіпкер Ардақ Құсайынова "Цукербергтің көршілері" подкасының кезекті эпизодында. Егер ChatGPT қосымшасын күнделікті қолданып жүрген болсаңыз, оның дауыспен жұмыс жасайтын түрін Ардақ басқаратын Atarino компаниясы құрастырып жатыр. Қалтаңыздағы робот сізбен жай ғана ақпарат алысып қоймайды, сонымен бірге, көңіл-күйіңізді дөп басып, сізге қазір керек сөздерді таба алады, әзілдесіп, салмақты тақырыптарда да шүйіркелесе алады. АҚШқа келгеніне 13 жыл болған қазақ қызы көп жылдар бойы видеоойындар индустриясында айтарлықтай карьера жасаған. Видеоойындардың болашағы, олардың жасөспірімдер психикасына әсері, Америкада бастық қызметін атқарудың ерекшеліктері туралы сөз қозғадық.
Apple Watch-қа уатсаптан келетін қоңырау мен Apple өнімдерін көлікте отырып көріп, жүрек айнытпайтын функцияларын жасаған қазақ жігіті Ерсұлтан Сапар "Цукербергтің көршілерінің" кезекті эпизодында. 18 жасында әлемдегі ең қымбат университеттердің біріне келіп оқып, оқу ақысын өзі қалай көтерді? Университеттегі төрт жылда сабаққа қоса жеті стажировка мен оқытушы көмекшісі болудың "құны" қандай? Ауылда туып-өсіп, Apple компаниясынан бір шығу үшін не істеу керек? Ондағы "жылы жерден" не үшін кетті? Enjoy!
Қазақстанда мектеп оқушыларының 75% қазақ тілінде білім алады. Алдағы 10-20 жылда қазақ тілінің қолдану аясы бұдан да кеңейіп, қазіргі оқушылар экономикалық белсенді азаматтарға айналады. Қазақстан бұған дайын ба? Қазақ тілінің шынайы орны мен мәртебесі қандай? Он жыл бұрынғы және қазіргі қазақ қоғамдары салыстыруға келе ме? Онлайн сервистерді қазақшаландыруға әрбір адам қандай үлесін қос алады? "Білім Медиа Груп" компаниясының негізін қалаушы және жетекшісі Рауан Кенжехан "Цукербергтің көршілеріне" қонаққа келді.
Адам жасушасын қартаю мен ауырудан аман ұстап, клетка жастығын ұзақ сақтап тұру мүмкін бе? Иммун жүйесінің клеткаларын "көлікке мінгізіп", нысанаға дөп жіберу қаншалықты қиын? Әлемнің ең бай адамдары миллиардтап ақша салған стартапта Нобель сыйлығының иегерлерімен бірге жұмыс істеу үшін не істеу керек? Папиломма вирусынан вакцина ойлап тапқан ғалымнан тәлім алу қалай болды? Ғылымда жүрген қыз-келіншектер нені білуі керек? Биолог Самал Жүсіпбекова Кремний алқабындағы адамзат үшін маңызды миссияны орындап жатқан ғылыми карьерасы туралы әңгімелеп берді.
Әлемдегі ең үздік ЖОО бірі - Стэнфорд университетінің студенті, қазақстандық Амира Махмеджан топ университетке түсудің жолдарымен бөліседі. Құжат тапсырған жүз адамның тек үшеуі ғана қабылданатын ең бәсекелі бағдарламада озып шығу үшін Амира неше жасынан бастап дайындалды? Қатардағы мемлекеттік мектепте оқып, Ivy League-тан бір шығу мүмкін бе? Программист қыздар неге аз? Орамал таққан қыздарға деген дискриминация Қазақстанда көп пе, АҚШта көп пе? Амираның білдей Білім министрімен "жағаласқан" сәті, және т.б. қызықты оқиғаларды есту үшін "Цукерберг көршілерінің" екінші шығарылымын тыңдап шығыңыздар.
Google-да қызмет ету шынымен "арман жұмыс" па? Кремний алқабының төрінде жұмыс істеу үшін не істеу керек? Ал одан өз еркімен бас тарту үшін ше? Қазақстандағы журналистика мамандығының студенттері неліктен "телекте" "жұлдыз" болуды армандайды? Қазақ қыздары бақытты ма? Ақсәуле Әлжан мен Арай Сабыржан подкастарының ең алғашқы шығарылымында осы және басқа да көптеген сұрақтардың басын шалады.