Home
Categories
EXPLORE
True Crime
Comedy
Society & Culture
Business
News
Sports
TV & Film
About Us
Contact Us
Copyright
© 2024 PodJoint
00:00 / 00:00
Sign in

or

Don't have an account?
Sign up
Forgot password
https://is1-ssl.mzstatic.com/image/thumb/PodcastSource211/v4/96/f8/59/96f859ab-8f25-8452-de93-f06d7dbda575/e4ff9d26-f5c8-432c-adf8-21c5405d7c23.jpg/600x600bb.jpg
Цукербергтің көршілері
Zuckerberg.korshileri
18 episodes
6 days ago
Кремний алқабы қазақша сөйлейді! Білім, ғылым, технология, бизнес, инновация, кәсіп шыңына ұмтылған қазақ жастары туралы подкаст. Журналист Ақсәуле Әлжан мен ақпараттық технологиялар маманы Арай Сабыржан Кремний алқабында жүрген талантты да талапты адамдармен айына екі рет әңгіме-дүкен қүрады.
Show more...
Entrepreneurship
Business
RSS
All content for Цукербергтің көршілері is the property of Zuckerberg.korshileri and is served directly from their servers with no modification, redirects, or rehosting. The podcast is not affiliated with or endorsed by Podjoint in any way.
Кремний алқабы қазақша сөйлейді! Білім, ғылым, технология, бизнес, инновация, кәсіп шыңына ұмтылған қазақ жастары туралы подкаст. Журналист Ақсәуле Әлжан мен ақпараттық технологиялар маманы Арай Сабыржан Кремний алқабында жүрген талантты да талапты адамдармен айына екі рет әңгіме-дүкен қүрады.
Show more...
Entrepreneurship
Business
https://d3t3ozftmdmh3i.cloudfront.net/staging/podcast_uploaded_nologo/42357625/42357625-1730502988360-1edd74a7d25aa.jpg
AI адамзатты басып ала ма, үйде қызметші роботтар қашан болады, Meta-да ғалым болу қаншалықты қиын?
Цукербергтің көршілері
1 hour 47 minutes 52 seconds
6 months ago
AI адамзатты басып ала ма, үйде қызметші роботтар қашан болады, Meta-да ғалым болу қаншалықты қиын?

Арман Жармағамбетов Кремний алқабында жасанды зердені ғалым ретінде зерттеп жүрген қазақ жігіті. Ақтөбедегі қатардағы мектептердің бірін бітіріп, Калифорнияда Computer Science-тан PhD қорғап, қазір Марк Цукербергтің қасында Fundamental AI Research деп аталатын ғылыми жобада зерттеуші болып жұмыс істейді. Хайп болған AI тақырыбын бүге-шігесіне дейін білетін екі қазақ болса, соның бірі - Арман. Жасанды зердеден келетін пайда көп пе, зиян көп пе? Жасанды интеллект қарапайым адамдардың өмірін қалай өзгертеді? Әр үйде киім үтіктеп, кір жуып беретін роботтар қашан пайда болады? Жасанды зерде дамып кетіп, қойылған қауіпсіздік шараларын айналып өтіп, адамзаттың өмір сүруіне қауіп төндіруі мүмкін бе? Адамзаттың психологиясы, әлеуметтік антропология бірер жылда қалай өзгеруі мүмкін? Жүздеген миллион қаржы құйылып жасалған Open AI, LLaMA секілді жобаларды бірнеше миллион доллар ғана қаржы жұмсалған қытайлық DeepSeek-тің басып озғаны рас па? Қазақстандағы қатардағы орта білімнің сапасы АҚШта мықты карьера жасауға жеткілікті ме? Осы және басқа да көптеген сұрақтардың жауабы бүгінгі эпизодта.