
Адам жасушасын қартаю мен ауырудан аман ұстап, клетка жастығын ұзақ сақтап тұру мүмкін бе? Иммун жүйесінің клеткаларын "көлікке мінгізіп", нысанаға дөп жіберу қаншалықты қиын? Әлемнің ең бай адамдары миллиардтап ақша салған стартапта Нобель сыйлығының иегерлерімен бірге жұмыс істеу үшін не істеу керек? Папиломма вирусынан вакцина ойлап тапқан ғалымнан тәлім алу қалай болды? Ғылымда жүрген қыз-келіншектер нені білуі керек? Биолог Самал Жүсіпбекова Кремний алқабындағы адамзат үшін маңызды миссияны орындап жатқан ғылыми карьерасы туралы әңгімелеп берді.