Yeni Yol, 2-episode
Faragat Sultan
Yabancı ülkede okumak: denemeye değer mi?
Konuk: Ranjor Abdulsabor
"Өзіңе сен" подкастында біз біз өзіміздің қорқынышымыз бен қуанышымыз және бізге шабыт беретін дүниелер жайында айтамыз.
Жүргізуші: Ұлдана Мәлік
1 шығарылым: "Қателесу - әлсіздік емес"
Podcast adı: Yeni Yol
Bölüm: 1
Sunucu: Faragat Sultan
“Yeni Yol” podcast'ı yeni yolların, yeni başlangıçların, yeni kahramanların ve yeni hikâyelerin mekanı.
“Yeni Yol” — çünkü her yeni yol, yeni bir hikaye demektir.
Моно-подкасттың бұл жолғы жүргізушісі журналистика кафедрасының студенті Димаш Құдайберген Аэрофобия тақырыбына тоқталды.
YASAWI FM қосулы болсын!
"Біздің назарда" бағдарламасының кезекті қонағы Түркістан облысының ТЖД
Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының бас маманы Рысбаева Сымбат тыңдармандарымызға өнеркәсіп саласындағы қауіпсіздік шаралары жайлы баяндап берді.
YASAWI FM қосулы болсын!
Моно-подкасттың 3-бөлімінде журналистика кафедрасының студенті Фарағат Сұлтан клаустрофобия дертінінің не екендігіне тоқталады.
Yasawi FM ҚОСУЛЫ БОЛСЫН!
Журналистика кафедрасының студенті Шұғыла Амангелдінің “Білім керуені” авторлық подкастының бұл жолғы қонағы журналистика кафедрасының оқытушысы, Ph.D Марзахан Байжанұлы жастарға білім алу жолындағы тәжірибесін баяндап берді.
Біздің инстаграм:
https://www.instagram.com/yassawi.radio?igsh=MWlzZWN3MzNjZnBvbQ%3D%3D&utm_source=qr
Журналистика кафедрасының студенті Қарақат Сапарәлінің "Әдебиет әлемі" атты авторлық бағдарламасының бүгінгі қонағы қырғыз елінің жас ақыны Чынара Ыхтиярқызы.
Сұхбат барысында жүргізуші мен бағдарлама қонағы ақын деген кім, шығармашылықпен айналу дегеніміз не деген сұрақтарға бірге жауап іздейді.
Yasawi FM қосулы болсын!
"Тарих таңбалары" бағдарламасы еліміздегі тарихи маңызды орындардың көне тарихын насихаттайтын жоба.
Бағдарламаның осы жолы саны Тараз қаласындағы Айша Бибі кесенесіне арналып отыр.
Yasawi FM қосулы болсын!
"Басты назарда" бағдарламасының бүгінгі қонақтары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Нұрлан Анарбекұлы және Талапты ауыл округі әкім аппаратының бас маманы Нұргүл Қамысбай мемлекеттік қызметтегі жастардың рөлі мен саладағы соңғы өзгерістер мен жетістіктерге тоқталып өтті.
Yasawi FM ҚОСУЛЫ БОЛСЫН!
”Болашақ дауысы” бағдарламасының бұл жолғы қонағы IT маманы Венера Сырлыбай IT саласының өткені мен бүгініне тоқталып, саланың маңыздылығы жайлы әңгіме қозғады.
Бағдарлама жүргізушісі: Дидара Нұржанбай
Бағдарламаның бұл саны мүгедектігі бар адамдарға арналған Брайль техникасының шығу тарихына, маңвздылығына арналады.
Жүргізуші: Роман Бұрқаш
Біздің инстаграм:
https://www.instagram.com/yassawi.radio?igsh=MWlzZWN3MzNjZnBvbQ%3D%3D&utm_source=qr
Жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионы атанған Өнер Сейілхан және оның бапкерімен ерекше сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз! 🥊🏆 Өнер Сейілхан Черногорияның Будва қаласында өткен Әлем чемпионатында 71 келі салмақ дәрежесінде жеңіске жетіп, еліміздің мәртебесін халықаралық аренада тағы бір мәрте асқақтатты. Бұл жеңіс Қазақстан құрамасының тарихи жетістіктерінің бірі ретінде алтын әріптермен жазылды.🎙 Подкастта біз:• Чемпион болудың жолы мен мотивациясы,• Жеңістің артындағы қажырлы еңбек пен бапкердің рөлі туралы әңгімелестік.🔥 Бұл эпизод шабыт сыйлап, арманға жетуге қанаттандырады! Сілтеме арқылы тыңдап, Өнердің жеңіс тарихына үңіліңіз!
Жүргізуші: Дана Маратқызы
Ескерту: Сұхбат 2024 жылы жазылған.
Моно-подкаст жүргізушісі Дидар Асылхан әр бағдарлама сайын әлемдегі қызықты, танымдық ақпараттармен бөлісіп отырады.
Бұл жолғы шығарылымда жүргізуші зағип жандарға арналған жол көрсету құралының шығу тарихымен таныстырады.
Біздің инстаграм:
https://www.instagram.com/yassawi.radio?igsh=YjJrNm5xb2FoaGE=
"Еңбек адамы" радио бағдарламасының 4-шығарылымының қонағы – Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің шаруашылық бөлімінде университет ашылған сәттен, яғни 1991 жылдан бері үздіксіз қызмет етіп келе жатқан Гүлмира Ходжаева ханым.
Аталмыш сұхбат барысында құрметті мейманымыз 34 жылдық еңбек жолындағы жарқын естеліктерімен бөлісіп, жас ұрпаққа өнегелі әңгімелерін айтып берді.
"Еңбек адамы" бағдарламасының негізгі мақсаты – Түркістан қаласы мен университетіміздегі ардагер қызметкерлердің өмір жолын, еңбектегі табандылығын насихаттап, олардың жас буынға үлгі боларлық қырларын тыңдарманға таныстыру.
Жоба 2025 - жұмысшы мамандықтар жылына орай ұйымдастырылып отыр.
Бағдарлама жүргізушісі: Роман Бұрқаш
”Еңбек адамы” радио бағдарламасының бұл жолғы қонағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде 32 жылдан бері техник-байланысшы болып қызмет атқарып келе жатқан Қайрат Әзімбеков.
Жастарға тұрақтылық пен кәсібиліктің үлгісі болып келе жатқан кейіпкеріміз сұхбат барысында жеке өмірі мен еңбек жолындағы тәжірибелерімен бөлісті.
Дисклеймер: Аталмыш радио бағдарлама 2025-жұмысшы мамандықтар жылына орай шығарылды.
Жүргізуші: Роман Бұрқаш
Біздің инстаграм:
https://www.instagram.com/yassawi.radio?igsh=MWlzZWN3MzNjZnBvbQ%3D%3D&utm_source=qr
Yasawi Podcast-тың жаңа эпизоды жарық көрді! Бұл жолы біз ерекше кейіпкердің оқиғасын назарларыңызға ұсынамыз.
Түркияның Дүзже қаласында туып-өскен Мұхаммедәлі Боз 18 жасында тарихи Отаны Қазақстанға оралып, небәрі бір ай ішінде қазақ тілін үйреніп, шанқобыз аспабын өз бетінше меңгерген.
Бұл эпизодта:
- Мұхаммедәлінің тарихи Отанына оралу туралы шешімі, ата-анасының қарсылығын қалай жеңгені;
- Шанқобыз бен даңғыра сияқты аспаптарды ұстазсыз үйренуі;
- Қожа Ахмет Ясауи университетіндегі студенттік өмірі мен университет оркестріндегі рөлі;
- Тарих пен өнер арқылы өз жолын тапқан жас таланттың оқиғасынан хабардар бола аласыз.
Мұхаммедәлі Боздың бұл оқиғасы өз арманына жетуді көздегендерге шабыт береді. Оның өнерге, тілге және ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілігі кез келген жанның жүрегін тебірентері сөзсіз.
”Есті әндер” подкастында бағдарлама авторы Дидар Нұржанбай Шәмші Қалдаяқовтың танымал әндеріне шолу жасады.
Біздің инстаграм:
https://www.instagram.com/yassawi.radio?igsh=MWlzZWN3MzNjZnBvbQ%3D%3D&utm_source=qr
”Әдебиет әлемі” бағдарламасының бұл шығарылымында жүргізуші Қарақат Сапарәлі университетіміздің әдебиет клубының жетекшісі Айғаным ханыммен аталмыш клубтың тыныс тіршілігін сөз етеді.
Біздің инстаграм:
https://www.instagram.com/yassawi.radio?igsh=MWlzZWN3MzNjZnBvbQ%3D%3D&utm_source=qr
”Еңбек адамы” радио бағдарламасының кезекті қонағы Ахмет Ясауи университеті, ішкі қауіпсіздік департаментінің қызметкері Сұлтан Ерубаев.
Сұхбат жүргізушісі Роман Бұрқаш.
Біздің инстаграм:
https://www.instagram.com/yassawi.radio?igsh=MWlzZWN3MzNjZnBvbQ%3D%3D&utm_source=qr