Home
Categories
EXPLORE
True Crime
Comedy
Society & Culture
Business
Sports
TV & Film
Health & Fitness
About Us
Contact Us
Copyright
© 2024 PodJoint
00:00 / 00:00
Sign in

or

Don't have an account?
Sign up
Forgot password
https://is1-ssl.mzstatic.com/image/thumb/Podcasts221/v4/26/bc/49/26bc49d7-57bd-30ee-23c5-954b38d4c43a/mza_8582039658967336332.jpg/600x600bb.jpg
Mumkindik podcast
Dana
6 episodes
5 days ago
Mumkindik podcast жобасында аймақтардағы ерекше балалардың ата-анасымен, осы салада жұмыс істейтін мамандармен сұқбаттасамыз.
Show more...
Social Sciences
Science
RSS
All content for Mumkindik podcast is the property of Dana and is served directly from their servers with no modification, redirects, or rehosting. The podcast is not affiliated with or endorsed by Podjoint in any way.
Mumkindik podcast жобасында аймақтардағы ерекше балалардың ата-анасымен, осы салада жұмыс істейтін мамандармен сұқбаттасамыз.
Show more...
Social Sciences
Science
Episodes (6/6)
Mumkindik podcast
Кәсіби жолға айналған аналық махаббат. Наташа Қалмағанбетовамен сұхбат

🔊 Mumkindik подкастының жаңа эпизоды!

💙Ерекше баланың анасы – ерекше маман

Балаңыз ерекше болса, оған ең жақсы маман кім? Көп ата-ана үздік терапевт, логопед, дефектолог іздейді. Ал біздің бүгінгі қонағымыз – Наташа Қалмағанбетова баласы үшін өз мамандығы мен жұмысын тастап, ауылдан қалаға көшіп, жаңа білім алып, ерекше балалармен жұмыс істеп жүрген жан.

Ол бастауыш пәнінің мұғалімі болатын. Бірақ ерекше баласы өмірге келгеннен кейін, баласына ең жақсы көмекші –анасының өзі екенін түсінді. Түрлі мамандардан кеңес алып, ізденіп, зерттеп, ақыры осы саланы терең меңгерді. Бүгінде өзі ерекше балалармен жұмыс істеп, басқа ата-аналарға да қолдау көрсетіп келеді.

🎙️ Осы эпизодта:
✔️ Ерекше баланы тәрбиелеудің қиындықтары мен қуанышты сәттері
✔️ Ерекше баласы бар ата-аналарға кеңестер
✔️ Қоғамның ерекше балаларға деген көзқарасы
✔️ Баланың мүмкіндігін қалай ашуға болады?

деген сұрақтарға жауап таба аласыз.

✨ Бұл сұхбат – тек ерекше балалардың ата-аналары үшін емес,қоғамда инклюзивті ой қалыптастыруды қалайтын барлық адамға пайдалы болады деген үміттеміз.

🎧 Эпизодты тыңдауға асығыңыз!

📢 Сіз қалай ойлайсыз, қоғам ерекше балаларға жеткілікті қолдау көрсетіп жатыр ма? 💬

#МүмкіндікПодкаст #ЕрекшеБалалар #Инклюзия

Show more...
9 months ago
25 minutes 23 seconds

Mumkindik podcast
Әлеуметтік кәсіпкерлік және ерекше балаларға арналған мүмкіндіктер: Милана Елеусінованың тәжірибесі

"Мүмкіндік" подкастының жаңа эпизодының кейіпкері – ерекше балалардың дамуына жағдай жасауға белсенді үлес қосып жүрген Милана Елеусінова. Ол Маңғыстауда көптеген әлеуметтік жобаны жүзеге асырып жатыр.

Оның "Қолдау" қоғамдық қоры мен "Мейірім" түзету-дамыту орталығы ерекше қажеттіліктері бар балаларға қолдау көрсетеді.

Былтыр "Демеу" және "Зерде+" жобалары арқылы ерекше балалардың әлеуетін арттыруға бағытталған үлкен бастаманы жүзеге асырды. Оның жобалары мемлекеттік органдардың да, жеке компаниялардың да қолдауына ие.

Бұл эпизодта Миланамен әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру тәжірибесі туралы әңгімелесеміз.

Show more...
9 months ago
31 minutes 40 seconds

Mumkindik podcast
Қазақстанның инклюзивті театры әлемге қалай танылды? Даун синдромы бар балалардың өнері туралы әңгіме

Бұл эпизодта біз ерекше балалардың шексіз мүмкіндіктерін көрсеткен ерекше оқиғамен танысамыз. Қазақстандағы Даун синдромы бар балалар өнерге құштарлықтарының арқасында инклюзивті театр құрып, үлкен сахнаға шықты. Театр әртістері тек Қазақстанның емес, әлемнің назарын өздеріне аударды.

Бұл эпизодта инклюзивті театрдың құрылу тарихы, оның артында тұрған керемет жандардың еңбегі, қойылымдардың қалай дайындалғаны және шетелдік көрермендерге қалай әсер еткені жайлы әңгімелейміз. Сонымен бірге, маманның көмегімен Даун синдромы туралы жиі айтылатын стереотиптерді талқылаймыз.

🎭 Қалайша ерекше балалардың таланты қоғамның көзқарасын өзгертті?
🌍 Театрдың халықаралық деңгейге шығуына не себеп болды?
💡 Даун синдромы бар балалар туралы біз нені дұрыс түсінбей жүрміз?

Бұл сұрақтардың жауабын "Мүмкіндік" подкасының жаңа эпизодынан тыңдаңыз!

Show more...
9 months ago
29 minutes 16 seconds

Mumkindik podcast
Аутизмі бар Русланның шетелдегі аспаздық жолы

Бұл эпизодта біз ерекше баланың анасы Мәншүк Жәлелқызының шынайы әрі әсерлі оқиғасын тыңдаймыз. Ол аутизмі бар ұлы Русланға диагноз қойылған сәттен бастап, оны қалай қабылдағанын және баласына қалай білім беріп, өмір жолына бағыттағанын әңгімелейді.

Мәншүк ханым Русланның мектепте кездескен қиындықтары, әлеуметтік ортаға бейімделуі және оны аспаздықты таңдауға қалай жетелегені туралы айтады. Сондай-ақ, отбасының Русланның болашағы үшін Түркияға көшуі мен жаңа өмірге бейімделу оқиғасы да ерекше әсер қалдырады.

Бұл эпизод тек қиындықтарды жеңу туралы емес, ана махаббатының шексіз күші мен ерекше балалардың шексіз мүмкіндігі туралы.

Show more...
10 months ago
23 minutes 46 seconds

Mumkindik podcast
Ерекше баланы ата-анасы қоғамға қалай бейімдеуі керек? Жеті баланың анасы Сандуғаш Әкімбекқызымен сұхбат

Mumkindik podcast 2-эпизоды Қызылорда қаласында жазылды. Бұл эпизодта жеті баланың анасы, "Алтын алқа" иегері, екі ерекше бала өсіріп отырған Сандуғаш Әкімбекқызымен әңгімелесеміз. Көпбалалы ана ерекше диагнозы бар кенже ұлы мен қызын қалай өмірге әкелгені, дәрігерлер "балаңыз адам болмайды", "балаңыздан бас тартыңыз" дегенде қандай күйде болғаны және екі баласын қалай аяққа тұрғызғаны туралы айтып берді.

Show more...
11 months ago
21 minutes 58 seconds

Mumkindik podcast
Орындалмайтын армандар да болады... «Армандар орындалады» жобасының авторы Әсел Бимырзаевамен әңгіме

Сәлем, тыңдарман! Mumkindik podcast алғашқы эпизодында «Армандар орындалады», «Сен ерекшесің» әлеуметтік жобаларының авторы, ерекше баланың анасы және ерекше балаларға орыс тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беретін түркістандық Әсел Бимырзаевамен әңгімелесеміз. Бұл эпизодта ерекше баласы бар отбасындағы ең адамның рөлі, ерекше балалардың ерекше армандары және оны орындауға көмектесетін адамдар туралы айтылады. Орындалмайтын армандар, қоғамдағы көзқарас, еріктілер туралы да сөз қозғаймыз.

Show more...
11 months ago
27 minutes 53 seconds

Mumkindik podcast
Mumkindik podcast жобасында аймақтардағы ерекше балалардың ата-анасымен, осы салада жұмыс істейтін мамандармен сұқбаттасамыз.