
"Мүмкіндік" подкастының жаңа эпизодының кейіпкері – ерекше балалардың дамуына жағдай жасауға белсенді үлес қосып жүрген Милана Елеусінова. Ол Маңғыстауда көптеген әлеуметтік жобаны жүзеге асырып жатыр.
Оның "Қолдау" қоғамдық қоры мен "Мейірім" түзету-дамыту орталығы ерекше қажеттіліктері бар балаларға қолдау көрсетеді.
Былтыр "Демеу" және "Зерде+" жобалары арқылы ерекше балалардың әлеуетін арттыруға бағытталған үлкен бастаманы жүзеге асырды. Оның жобалары мемлекеттік органдардың да, жеке компаниялардың да қолдауына ие.
Бұл эпизодта Миланамен әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру тәжірибесі туралы әңгімелесеміз.