«Бейсананың» 04-эпизодында ана мен бала арасындағы байланыс туралы сөз қозғадық. Баланың психикасының қалыптасуында ананың, әкенің рөлі қандай, пренатальды жады (жатыр кезеңі) қалай әсер етеді, тастанды, өзге отбасына беріп жіберген балалардың ерекшелігі туралы талқыладық. Эпизод сарапшысы психоанализ бағытындағы практик-психолог Эльвира Қасым.
«Бейсана» подкастының 03-эпизодында психоанализдегі Эдип кешені туралы сөз еттік. Эпизод сарапшысы – психоанализ бағытындағы психолог Жұлдыз Төлеу. Жұлдыз ханым адамның жан-жыныстық дамуы барысында Эдип кешенінің маңызы туралы айтты.