
«Бейсананың» 04-эпизодында ана мен бала арасындағы байланыс туралы сөз қозғадық. Баланың психикасының қалыптасуында ананың, әкенің рөлі қандай, пренатальды жады (жатыр кезеңі) қалай әсер етеді, тастанды, өзге отбасына беріп жіберген балалардың ерекшелігі туралы талқыладық. Эпизод сарапшысы психоанализ бағытындағы практик-психолог Эльвира Қасым.