Home
Categories
EXPLORE
True Crime
Comedy
Society & Culture
Business
Sports
TV & Film
Health & Fitness
About Us
Contact Us
Copyright
© 2024 PodJoint
00:00 / 00:00
Sign in

or

Don't have an account?
Sign up
Forgot password
https://is1-ssl.mzstatic.com/image/thumb/Podcasts211/v4/d0/1e/9e/d01e9e3e-ee8e-2624-68e2-1789afa33988/mza_6500573814748617414.jpg/600x600bb.jpg
Zhuldyz Podcast
Nazira Kassymbekova
18 episodes
7 months ago
Жасөспірімдердің жан-жақты дамуына септігін тигізетін подкаст.
Show more...
Self-Improvement
Education
RSS
All content for Zhuldyz Podcast is the property of Nazira Kassymbekova and is served directly from their servers with no modification, redirects, or rehosting. The podcast is not affiliated with or endorsed by Podjoint in any way.
Жасөспірімдердің жан-жақты дамуына септігін тигізетін подкаст.
Show more...
Self-Improvement
Education
Episodes (18/18)
Zhuldyz Podcast
Алматыдағы оқу | Студенттердің бейімделуі | Жатақхана | Оқу туралы
Алматы - өзге өңірлердің жастары үшін арман қала. Бәріміз де осында оқып, тұрақтасақ деген арманмен келгенбіз. Алып шаһар тура сол қиялдың жетегімен келген кешегі талапкер, бүгінгі 1-курс студенттерінің күткеніндей ме екен? 18-ге енді толып, ата-анасынан бірінші рет жыраққа шығып тұрған қыздардың өкініші не? Қуанышы қандай Неге студенттер қазір ChatGPT-ға үйір боп алды? Осыдан бөлек талай өзекті сұрақтарға жасөспірімдерге арналған zhuldyz podcast-ның кезекті шығарылымында жауап іздедік. Эпизодқа қатысты пікіріңізді күтемін. Достарыңызға бөлісіп, арнамызға жазылсаңыз қуанып қаламын😊 #zhuldyzpodcast
Show more...
7 months ago
52 minutes

Zhuldyz Podcast
zhuldyz podcast 2024 жылды қорытындылайды
Бұл шығарылымда автор 12 ай бойы ойға тоқып, көңілге түйген тұжырымдарын айтты. Сондай-ақ жоспар құрудың маңызына тоқталып, келер жылдағы мақсаттарын бөлісті. Бір жыл бізбен бірге болғаныңызға рақмет, тыңдарман! Келер жыл тек жақсылық пен толағай табысқа толы болсын!
Show more...
10 months ago
8 minutes

Zhuldyz Podcast
Фитнес | Дисциплина | Дұрыс тамақтану
Бүгінгі эпизод қонағы Айгүл Қарақойшықызымен фитнес туралы әңгімелестік. Сондай-ақ баланы спортқа қалай баулу керек? Неліктен кей адамдар фитнесті құнсыздандырады? Оның пайдасы қандай? деген сұрақтарға жауап іздедік. Тыңдап көріңіз)
Show more...
11 months ago
57 minutes

Zhuldyz Podcast
Жалғасбек Ақболат | Ақша жинау | Қаржыны дұрыс басқару | Несие мен бөліп төлеу туралы
#zhuldyzpodcast-тың кезекті қонағы - қаржы маманы Жалғасбек Ақболат. Жалғасбек мырза қаржы сауатына кеңінен тоқталып, қате тұжырымдардың шешімін көрсетті. Сондай-ақ шығарылымда қаржылық мақсатты қалай дұрыс қойып, балаға кішкентайынан қаржылық әдеттерді сіңіру жолдары мен тәсілдері туралы да айтылды. Эпизод өз қаржысын басқарып үйренгісі келетін кез келген жанға арналады. 00:09-00:14 Сәлемдесу 00:15-00:18 Эпизод қонағын таныстыру 01:44-02:38 Қаржы саласын таңдау себебі 03:04-05:10 Қаржы сауаты деген не? 05:15-07:00 Қаржы мақсатын қалай дұрыс қою керек? 07:43-11:18 Ерте жастан қаржылық қорды қалай жинау керек? 12:01-15:16 Тауарды несиеге, бөліп төлеу мен каспий редке алу туралы маман пікірі 15:52-16:52 Кіріс пен шығысты не себепті есептеп жүру керек? 17:02-17:21 Кірістің 10%-ы қайда кетеді? 17:22-18:39 Бөліп төлеу мен несиені қандай жағдайда ғана алу керек? 19:28-20:35 Баланың қаржылай сауатты болуындағы отбасының рөлі 20:37-22:03 Балалардың қаржылай сауатын арттыратын әдістер 22:14-25:28 Арнайы балаларға берілген ақшаны ата-аналардың алып қоюы дұрыс па? 25:49-26:21 Қолма-қол ақша VS карта 26:22-27:48 Кірісті конверттерге бөлу 27:54-29:56 Қаржыға қатысты жапон философиясы қандай? 30:04-33:31 Студенттердің жұмыс істегені дұрыс па? 33:41-36:48 Қаржылай дамуды арттыратын ресурстар 37:24-39:54 Мемлекетке қаржыгерлер керек пе?
Show more...
1 year ago
40 minutes

Zhuldyz Podcast
Достық. Қарым-қатынас орнату
Адам өміріндегі ең маңызды құндылықтың бірі - достық. Жаңа ортаға бейімделіп, жанына жақсы адамдарды жинау -оңай емес. Өйткені адам тану - маңызды критерий. Достық туралы өзгелер не дейді? Сіздің пікіріңіз қандай? Эпизодты тыңдап, өз пікіріңізді жаза кетіңіз.
Show more...
1 year ago
16 minutes

Zhuldyz Podcast
Жатақхана дұрыс па? Пәтер тиімді ме? әлде туыстың үйі жайлы ма?
Бұл эпизод алғаш рет тыңдарман/көрермендердің қатысуымен Инстаграм желісінің тікелей эфирінде өтті. Студенттер үшін тұруға қолайлы мекендерді талдап көрдік. Сіз де тыңдап шығып, өз ойыңызды жаза кетіңіз.
Show more...
1 year ago
47 minutes

Zhuldyz Podcast
Кітапты қалай оқу керек? | Хәрри Поттер | Махаббат, қызық мол жылдар
#zhuldyzpodcast-тың бүгінгі қонағы – booklover, филолог Назым Сапар. Бұл эпизодта біз кітап оқу дағдысын қалыптастыру, қазақ әдебиетіндегі жасөспірімдердің қамтылмауы, оқытудағы шектеулер мен педагогикадағы заманауи әдістер туралы әңгімелестік. Назымды жан-жақты ашуға тырыстым. Сондықтан бұл эпизод оқушыға да, жас маманға да, кітап оқу дағдысын қалыптастырып жүрген жан мен ата-анаға да арналады. Айтпақшы, эпизодта сыйлық бар. Шартын сұхбат барысында айттық. Соны орындап, жүлделі болыңыз! Достарыңызға таратуды да ұмытпаңыз!
Show more...
1 year ago
43 minutes

Zhuldyz Podcast
Стюардесса мамандығы | Мүмкіндіктері | Мамандық таңдау
zhuldyz podcast-тың бұл жолғы эпизоды Стюардесса мамандығына арналды. Бұл салаға байланысты болашағы жоқ, тұрақсыз дейтін таптаурын ойлар көп. Бүгінгі қонағымыз Балауса Жүнісбекова қазақстандық үлкен авиакомпанияның бірінде жұмыс істеп, мол тәжірибе жинаған. Эпизодты толықтай бұл саланы қалай игеру керек, болашағы, мүмкіндіктері мен қауіп-қатеріне арнадық. 00:00-00:13 Анонс 02:00-02:20 Қонақты таныстыру 03:20- 04:06 Стюардесса болу туралы ой қалай келді? 04:24-05:41 Стюардесса тұрақты мамандық па? 06:00-07:52 Стюардесса мамандығының қиындығы неде? 07:52-09:10 Стюардесса мамандығын оқыту қалай жүреді? 09:40-11:58 Сюардесса болу үшін қандай талаптар бар? 12:37-20:10 Жұмысқа орналасу кезеңдері қалай жүреді? 21:02-21:33 Медициналық тексеріс қалай өтеді? 21:42-22:16 Оқыту процесі қалай жүреді? 23:58-24:08 Инструктор емтиханынан өтпей қалса… 26:30-26:52 Алғашқы рейс кезіндегі сезім 27:40-30:13 Есте қалған рейс 31:35-33:16 Сюардессалардың жиі көңіліне тиетін не? 34:59-36:13 Сюардесса болудың плюсі 39:23-40:30 Жасөспірімдерге айтар кеңесі Подкаст авторы Назира Қасымбекпен байланысу жолдары: Instagram: /@nazira_kassymbek Telegram: https://web.telegram.org/z/#-1739455823 #жасөспірімдер#мамандықтаңдау #стюардесса
Show more...
1 year ago
46 minutes

Zhuldyz Podcast
Жасөспіріммен әңгіме | Анасымен қарым-қатынас | Мектептегі орта | Орындалмас арман
#буллинг #teenagers #жасөспірімдер #zhuldyzpodcast#teenagers#жасөспірімдер#мамандықтаңдау#орта#буллинг zhuldyz podcast-та жаңа айдар. Атын атап, түсін түстегісі келмейтін, бірақ жасөспірім шақтағы қиындықтары мен оны еңсерудегі әрекеттері туралы сыр шерткісі келетін спикерлер әңгімесі “Құпия жұлдызда” айтылады. Алғашқы қонақ - 17 жастағы жасөспірім. Сыныптастарымен ара қатынасы, мектеп психологтарының жұмысы және арманы туралы сөз еттік. 00:00-00:37 Анонс 01:20-01:35 zhuldyz podcast-та жаңа айдар 02:51-03:14 Жаңа мектепке бейімделуі туралы 04:25-04:48 Жас өтпелі кезеңдегі қиындықтар 04:55-05:10 Жасөпірім өміріндегі мектеп психологының орны 07:07-07:23 Қыздардың топқа бөліну себептері 08:35-09:01 Ортадан бөлініп қалған қыздарға кеңес 09:46-10:01 Самооценкамен жұмыс істеу туралы 10:21-10:57 Жасөтпелі кезеңдегі ананың рөлі қандай? 11:32-12:08 Мамандық таңдау кезіндегі ата-ананың қарсылығы мен кеңесі 12:59-13:31 Жаңа ортаның әсері 14:02-14:31 Мақсат қою, жоғары нәтижеге ұмтылу 15:05-15:34 Трендке ұмтылу, қызығушылықтың өзгеруі 17:49-17:56 Соңы Құрметті тыңдарман, төменге осы тақырып туралы өз ойларыңызды жаза кетіңіздер. Сондай-ақ келесі эпизод тақырыбын да ұсынсаңыздар болады. Ұсынысқа әрдайым ашықпын:)) Инстаграм: /@/nazira_kassymbekova Телеграм: https://t.me/zhuldyzpodcast
Show more...
1 year ago
17 minutes

Zhuldyz Podcast
Мен нені армандаймын?
Бізге армандауды ешкім үйреткен жоқ. Бірақ бала кезімізден бізде арман көп еді. Арман орындалуы үшін не істеу керек? Барлық арман орындала ма? Мұны эпизодта ашып айтамыз. Қазіргі жасөспірімдер не туралы армандайды екен? Оны да осы эпизодтан біле аласыздар. 00:11 Сәлемдесу 00:21 Өткен эпизодтарға шолу 01:51 Бала кезде нені армандадыңыз? 02:03 Менің орындалмаған бала арманым 05:55 Жасөспірімдердің арманы 09:26 Өзгенің арманын армандап жүрген жоқпын ба?09:55 Фрирайтинг техникасы арқылы арманды анықтау 11:32 Әрекет - арманға бастар жол 13:07 Мұхаммед Әли арман туралы не айтқан?
Show more...
1 year ago
14 minutes

Zhuldyz Podcast
Мамандық таңдаудағы ата-ананың рөлі | Өзекті мамандықтар | HR саласы | Жұмыс беруші не нәрсеге ашулы
#мамандықтаңдау #жасөспірімдергекеңес #hr #hrсаласы #zhuldyzpodcast Бүгінгі эпизод қонағы - HR маманы Жұлдыз Ыбытаева. Жұлдыз ханым елімізде енді дамып келе жатқан HR саласы туралы толық айтып беріп, оның өзектілігіне де тоқталды. Сондай-ақ өзекті мамандықтар мен қабілетті анықтаудың лайфхактарын да айтып берді. Қонағымыз көрермендерге 3 сыйлық әкелді. Қандай сыйлық екенін білгіңіз келсе, эпизодты толық көріп шығыңыз. Шарттары эпизодта жасырылған. 00:00 - 00:00:41 Анонс 00:52 Сәлемдесу 01:08 Қонақты таныстыру 01:52 Подкаста берілетін 3 сыйлық 02:40 HR саласы деген не? 04:24 HR саласының негізгі міндеті қандай? 11:44 Компания қай кезде HR маманын алуы керек? 15:25 HR-ға жақын қай саланы таңдауға болады? 17:53 HR мамандарының жалақысы қанша? 18:38 HR мамандарына сұраныс қандай? 21:27 Бала кезде ойнаған ойыңызды еске түсіріңізші 25:00 Мамандық таңдаудағы тағы бір критерий 25:59 Gallup тесті мамандықты анықтай ма? 27:06 Мамандық таңдаудағы ата-ананың рөлі қандай? 30:43 Нарықта қандай мамандар тапшы? 31:28 Жасөспірімдерге қазірден бастап қандай қабілетті дамыту керек? 33:45 Неге көбі курстан алған білімді бағалайды? 34:03 Диплом керек пе? 35:14 Жұмыс берушілер не нәрсеге ашулы? 37:38 One to One деген не? 40:20 Жасөспірімдерге кеңес Қонағымыз Жұлдыз Ыбытаеваның инстаграммдағы парақшасы: https://www.instagram.com/zhuldyz.ybytayeva/ Подкаст авторы Назира Қасымбекпен байланысу жолдары: Instagram: ⁠ https://www.instagram.com/nazira_kassymbek/ Telegram:⁠ @nazira_kassymbekova Gmail: kassymbekova.nazira@gmail.com
Show more...
1 year ago
43 minutes

Zhuldyz Podcast
Түркияда білім алу | Үй| Құжат | Ақша
#шетелдеоқу#Түркиядаоқу#мамандықтаңдау#университеттаңдау#zhuldyzpodcast Бүгінгі қонағымыз Sakarya University-дің 3-курс студенті Нұрдәулет Бейбітов. Бұл эпизодта Нұрдәулет қандай жағдайда Қазақстанда білім алудың дұрыс екенін, шетелдегі студенттік өмірдің қызықтарын және үй, құжат бойынша жиі кездесетін мәселелерге тоқталды. Тыңдарман, егер сіз шетелдік оқу орнына компаниялардың көмегі арқылы түсуді ойлап жүрсеңіз, оларға қалай алданып қалмау керегі де осында айтылды. Толығырақ мәлімет алу үшін эпизодты соңына дейін тыңдаңыз. Аяғына дейін тыңндап, бүгінгі тақырып туралы өз ойын сауатты білдірген тыңдарманымызға Нұрдәулет Түркиядан арнайы сыйлық беріп жібермек. 28 желтоқсанға дейін пікірлеріңізді жазып үлгеріңіздер.00:53 Қонақты таныстыру03:30 Шетелдегі университеттерді таңдау критерийлері05:17 Мамандықты қалай таңдады?07:26 Түркияда оқудың қиындығы09:52 Түркиядағы студенттік өмір қалай өтеді?13:10 «Сакарьядағы Қазақстан қауымдастығы» ұйымы туралы14:32 Неліктен таңдау Түркияның көп қаласынан Сакарьяға түсті?16:12 Ұйымда қандай қиындықтар кездеседі?20:52 Студенттік өмір мен оқуды қатар алып жүргісі келетіндерге22:22 Шетелге оқуға түсуге көмектесетін компаниялармен жұмыс процесі қалай болады?22:27 Компаниямен жұмыс істеуде басты ескеретін жайт23:33 Түркияға келгеннен кейінгі қадам25:47 Университетке тіркеуде не нәрсеге мән беру керек?26:23 Түркиялық құжат икаметті қалай алу керек?27:54 Компанияларға алданып қалмас үшін не істеу керек?28:52 Бастапқыда өзіңмен қанша ақша әкелу керек?30:45 «Türkiye Bursları» бағдарламасы туралы32:44 Неліктен бакалаврды Қазақстанда оқыған дұрыс?33:37 15 жастағы Нұрдәулетке қандай кеңес бересіз?34:09 Тәуелсіздік күніне арналған жүрекжарды тілегіҚонағымыз Нұрдәулет Бейбітовтың инстаграммдағы парақшасы: https://www.instagram.com/nurdabey/?utm_source=ig_web_button_share_sheet&igshid=OGQ5ZDc2ODk2ZA==Подкаст авторы Назира Қасымбекпен байланысу жолдары:Instagram: ⁠https://www.instagram.com/nazira_kass...Telegram:⁠ https://web.telegram.org/z/#-1739455823⁠Gmail: kassymbekova.nazira@gmail.com
Show more...
1 year ago
36 minutes

Zhuldyz Podcast
Жазира Өмірзақ: АҚШ-та қазақша білгенім үшін аптасына 100$ табатынмын
Бүгінгі кейіпкеріміз Жазира Өмірзақ "Болашақ" бағдарламасының түлегі. АҚШ-тағы Иллинойс университетін "Саяси экономика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Жазира шетелде білім алудың мүмкіндігі мен қиындығын және тіл білудің маңыздылығы туралы айтты. Сондай-ақ мамандық таңдаудағы лайфхактарын бөлісті. 01:08 Қонақты таныстыру 02:46 Оқу-білімге деген құштарлықтың басталуы 04:06 Шетелде білім алу себебі 06:27 Болашақ бағдарламасына түсу процесі 08:57 Шетелде оқығың келетінің қалай түсіну керек? 11:42 17-18 жастағылар шетелге түсуде не ескеру керек? 14:16 «Болашақ» бағдарламасына қатысты қойылатын TOP3 сұрақ 18:24 Мамандық пен университет таңдау критерийлері 21:53 Неге ҚазҰУ-ға түспедім? 23:07 Өз арман-мақсатыңды қалай қорғау керек? 26:38 Шетелге оқуға барғанда не нәрсеге дайын болып бару керек? 32:08 Не үшін шет тілін меңгеру керек? 30:13 Тіл үйренудің қандай лайфхактары бар? 41:29 Өмірді қалай жоспарлау керек? 45:08 Жазира Өмірзақтың өмірлік миссиясы қандай? 47:18 15 жастағы Жазираға қандай кеңес айтар едіңіз? Подкаст қонағы Жазира Өмірзақтың Instagram-дағы парақшасы: https://www.instagram.com/zhazira__om... Подкаст авторы Назира Қасымбекпен байланысу жолдары: Instagram: https://www.instagram.com/nazira_kass... Telegram: https://web.telegram.org/z/#-1739455823
Show more...
2 years ago
51 minutes

Zhuldyz Podcast
"Чудо" есіктер ашылмайды
Бүгінде талапкерлердің IT саласына деген қызығушылығы орасан зор. Алайда соған қатысты пән таңдауда өздері де, ата-аналары да қай бағытты таңдарын білмей қиналып жатады. Эпизод қонағы ''Thousand" IT компаниясының құрушысы Айболат Құлатай IT бағыттарына тоқталып, мамандықты дұрыс таңдау бойынша кеңестерін берді. Сондай-ақ қыздар IT маманы бола ала ма, бұл салаға келу үшін математиканы шағу керек пе деген сұрақтарға жауап берді. Өзінің кейстерінен де көптеген мысал келтірді. Толығырақ подкастан тыңдай аласыздар. Тайм код: 00:00 Анонс 01:03 Сәлемдесу 02:55 IT саласының қандай бағыттары бар? 09:50 Мамандықты дұрыс таңдаудың критерийлері қандай? 12:20 Қыздар IT-ник бола ала ма? 13:21 IT-ді оқытатын жоғары оқу орындары 17:12  Ата-ананың баласына мамандық таңдап бергені қаншалықты дұрыс? 22:43 Университеттерді қандай критерий бойынша таңдау керек? 24:57 IT курстар мен IT-ді оқытатын университеттердің айырмашылығы неде? 28:24 Мектеп оқушылары арасындағы IT хакатондар туралы 32:06 ҰБТ тапсырушыларған қандай кеңес бересіз? 33:57 Табысқа жету формуласы 39:18 15 жастағы Айболатқа қандай кеңес берер едіңіз? Қонағымыз Айболат Құлатайдың инстаграммдағы парақшасы: https://www.instagram.com/aibolat.kulatay/ Подкаст авторы Назира Қасымбекпен байланысу жолдары: Instagram: https://www.instagram.com/nazira_kassymbekova/ Telegram: https://web.telegram.org/z/#-1739455823 Gmail: kassymbekova.nazira@gmail.com
Show more...
2 years ago
40 minutes

Zhuldyz Podcast
Бәрі үйден басталады
Біз буллинг деп жүрген ұғым - әлімжеттік көрсету, психологиялық қысым жасау, ортадан бөліп тастау. Кез келген адам/бала буллинге қатысады (қатысқан). Бірі буллинг құрбаны болған, енді бірі куәгер болса, үшінші топ соны жасаған. Бұл тақырып қай кезде де өзекті. Буллинг тек ұлдар арасындағы ұрып-соғу ғана емес. Ортадан шеттету, бір адамды бөліп тастау. Соңғы уақытта осы мәселені көп жасөспірімнен естідім. Подкастың тақырыбы ретінде алғаным да сондықтан. Көбі аутсайдер болады да, өзін жексұрын сезініп, стресске түсіп кетеді. Бұдан қалай шығады? Жауабын психолог Айнұр Дүйсенмен болған сұхбаттан біле аласыздар. Бұдан бөлек, буллингке ұшыраған баланы қалай анықтауға болады? Мұндайда ата-ананың рөлі қандай? Сондай-ақ жасөспірім шақта жаңа ортаға қалай бейімделу керек деген сұрақтарға жауап іздедік. 01:19 Сәлемдесу 02:42 Буллингке ұшыраған баланы қалай анықтайды? 05:25 Неге бала әлімжеттік жасайды? 07:55 Неге балалар буллингке қатысқанын ешкімге айтпайды? 10:21 Ата-ана қалай көмектесе алады? 11:32 Қыздар арасындағы бөліну неден басталады? 14:38 Ортадан бөлініп қалған жасөспірім ситуациядан қалай шығу керек? 17:43 Бала мен ата-ана арасындағы үйлесім жақсы болу үшін не істеу керек? 18:40 Ата ананың қолдауы маңызды 20:50 Жаңа ортаға қалай бейімделу керек? 24:35 Бәрі ата анадан басталу керек 25:00 Неге бәрі өздігінен шешілмейді? 25:40 Мектеп психологтары қалай жұмыс істейді? 29:00 Баламен сөйлесу керек 33:22 Буллингке түскен болсаңыз Подкаст қонағы Айнұр Дүйсеннің Instagram-дағы парақшасы: https://www.instagram.com/psiholog_ainuraduisen/ Подкаст авторы Назира Қасымбекпен байланысу жолдары: Instagram: https://www.instagram.com/nazira_kassymbekova/⁠ Telegram: https://web.telegram.org/z/#-1739455823
Show more...
2 years ago
37 minutes

Zhuldyz Podcast
Пән таңдама, мамандық таңда
Бүгінгі эпизод қонағы Генетика және физиология институтының лаборанты, ҚазҰУ Биология және биотехнология факультетінің 1-курс магистранты Айгерім Мұратбекқызы. Қонағымыз ҰБТ-ға тиімді дайындалу жолдары және мамандық таңдау критерийлері туралы айтып береді. Сондай-ақ тыңдармандарымыз биотехнология саласының бағыттары мен оның функциясы туралы танысады. Айгерім Мұратбекқызы мамандық таңдаудағы қателіктерін және өзінің ҰБТ тапсыру жолын да баяндап берді. Толығырақ подкастан тыңдаңыз. Таймкод 01:00 Подкаст қонағымен таныстыру 02:15 Бала күнгі арманым 06:22 Жоғарғы оқу орнын бітірмей-ақ жақсы маман бола аласың 07:10 Мамандық таңдау критерийлері 08:56 ҰБТ-ға қалай тиімді дайындалу керек? 11:33 Егер оқушы өзіне қызық пәнді таңдайтын болса 12:58 Емтиханға дайындалғанда не жеу керек? Не жемеу керек? 15:35 ҰБТ-дағы проблемный сабақ… 18:33Тест жаттау дұрыс па? 19:56 Биологиядан қалай тиімді дайындалу керек? 23:32 Биотехнология деген қандай сала? 28:21 Жоғары сыныпта оқитын Айгерімге қандай кеңес берер едің? Спикер Айгерім Мұратбекқызының инстаграммдағы парақшасы: https://www.instagram.com/ay_kerimm/ Подкаст авторы Назира Қасымбекпен байланысу жолдары: Instagram: https://www.instagram.com/nazira_kassymbekova/ Telegram: https://web.telegram.org/z/#-1739455823 Gmail: kassymbekova.nazira@gmail.com
Show more...
2 years ago
32 minutes

Zhuldyz Podcast
Мамандықты өзгерту, жұмыс іздеу талаптары және білімге инвестиция құю
Маржан Жұмаділова UI/UX дизайнері. Алайда 4 жыл "Менеджмент" мамандығында білім алған. Маржан тұрақты жұмыс пен жалақыға қарамастан, өзін мүлдем басқа салада көргісі келді. Осылайша, IT-дегі шығармашылық жұмыста тәжірибе жинап, бүгінде UI/UX дизайнері болып қызмет етіп жатыр. Бұл сұхбатта кейіпкеріміз саланы ауыстырудан қорықпау керегін, жұмыс іздеу мен оның критерийлерін және мамандық таңдау туралы айтып берді. Маржанның инстаграм парақшасы: https://instagram.com/marzhan__zhumadilova?igshid=YmMyMTA2M2Y= Подкаст жүргізушісі Назираның инстаграм парақшасы: https://instagram.com/nazira_kassymbekova?igshid=YmMyMTA2M2Y=
Show more...
3 years ago
51 minutes

Zhuldyz Podcast
Кіріспе эпизод
Бұл – кіріспе эпизод. Подкастың мақсаты мен атауына тоқталып өттім.
Show more...
3 years ago
1 minute

Zhuldyz Podcast
Жасөспірімдердің жан-жақты дамуына септігін тигізетін подкаст.