Home
Categories
EXPLORE
True Crime
Comedy
Society & Culture
Business
Sports
History
Music
About Us
Contact Us
Copyright
© 2024 PodJoint
00:00 / 00:00
Sign in

or

Don't have an account?
Sign up
Forgot password
https://is1-ssl.mzstatic.com/image/thumb/Podcasts126/v4/47/aa/3e/47aa3e16-25a2-40d6-c92d-b37313e80bbb/mza_12717159872138598251.jpeg/600x600bb.jpg
Tanym Media
Дина Имамбай
10 episodes
9 months ago
Таным Медиа – Дина Имамбайдың ғылыми-танымдық авторлық подкасты. Подкаст ғылымды насихаттауға және танымдық деңгейді көтеруге арналған. Ғылым мен оның маңызы, қазіргі үрдістер жайлы қарапайым тілде түсіндіреді. Әр шығарылымға нақты бір салада ғылыми зерттеулермен айналысып жүрген ғалымдар қатысады. Олар өздерінің ғылымға қалай келгенін, немен айналысып жүргенін, ғылымда болып жатқан жаңалықтар туралы айтады. Подкастың жүргізушісі әрі авторы Дина Имамбай – журналист, ғылымды насихаттаушы.
Show more...
Science
Education,
Society & Culture
RSS
All content for Tanym Media is the property of Дина Имамбай and is served directly from their servers with no modification, redirects, or rehosting. The podcast is not affiliated with or endorsed by Podjoint in any way.
Таным Медиа – Дина Имамбайдың ғылыми-танымдық авторлық подкасты. Подкаст ғылымды насихаттауға және танымдық деңгейді көтеруге арналған. Ғылым мен оның маңызы, қазіргі үрдістер жайлы қарапайым тілде түсіндіреді. Әр шығарылымға нақты бір салада ғылыми зерттеулермен айналысып жүрген ғалымдар қатысады. Олар өздерінің ғылымға қалай келгенін, немен айналысып жүргенін, ғылымда болып жатқан жаңалықтар туралы айтады. Подкастың жүргізушісі әрі авторы Дина Имамбай – журналист, ғылымды насихаттаушы.
Show more...
Science
Education,
Society & Culture
Episodes (10/10)
Tanym Media
Кибербуллингтің алдын алуға болады
Подкастымыздың кезекті шығарылымы цифрлы сауаттылық, кибербуллингтің алдын алу тақырыбына арналды. Біздің қонағымыз: Динара Кәдірханқызы – Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің оқытушысы, психология бойынша PHD. Бұл шығарылымда: Әлеуметтік желідегі ақпаратты сүзгіден өткізе білу керек; Баланың психологиялық жай-күйі 5-6 жасқа дейін қалыптасады; Бала мен ата-ананың арасында сенім мен мейірім болмаса, ол мұны сырттан іздейді; Кибербуллингтің троллинг, хейтинг, флейминг, секстинг, т.б. түрлері бар; Бала оқшаулана берсе, сабақ үстінде сұрана беретін болса, назар аударыңыз; Кибербуллингке ұшыраған баланы мұғалім де анықтай білуі керек; Сауатты болсақ, өзімізді, жақындарымызды қорғай аламыз. Жүргізуші әрі автор: Дина Имамбай – журналист, ғылымды насихаттаушы – https://facebook.com/dina.imambai Tanym Media телеграм-арнасы: https://t.me/mediatanym Подкастымызды қолдап, пікір жазыңыздар. Әлеуметтік желілерде бөліссеңіздер, нұр үстіне нұр. Tanym Media, аудио (51 Мб).
Show more...
1 year ago
37 minutes 9 seconds

Tanym Media
Микробиомаң жақсы болса, денсаулығың да жақсы
Подкастымыздың кезекті шығарылымы микробиология және денсаулық жайында. Біздің қонақтарымыз: Фахридин Саржанов – Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Медицина факультетінің оқытушысы, PHD; Балнұр Омарова – қоғамдық денсаулық сақтау бойынша PHD, Ясауи атындағы ХҚТУ Жас ғалымдар кеңесінің төрайымы. Бұл шығарылымда: Қоғамдық денсаулық сақтау бағыты немен айналысады? Антибиотиктерді қалай пайдаланып жүрміз Түркістан аймағында лейшмания ошақтары бар Микроағзалардың маңызы Сәби және алғашқы бактерия БАД: пайдалы ма, зиян ба? Балаңызға көшеден фаст-фуд алып бересіз бе? Адамдарға, қоршаған ортаға пайдамды тигізгім келеді Ғылымға келуіме мектептегі мұғалімім себепші болды. Подкастымызды қолдап, пікір жазыңыздар. Әлеуметтік желілерде бөліссеңіздер, нұр үстіне нұр. Жүргізуші әрі автор: Дина Имамбай – журналист, ғылымды насихаттаушы – https://facebook.com/dina.imambai Tanym Media телеграм-арнасы: https://t.me/mediatanym Подкастымызға лайк басып, әлеуметтік желілерде бөлісіңіз, пікір жазыңыз. Tanym Media, аудио (67 Мб).
Show more...
1 year ago
48 minutes 28 seconds

Tanym Media
Хақиқат та, дін-дағы тереңінде
Подкастымыздың кезекті шығарылымы дінтану ғылымы жайында. Біздің қонақтарымыз: Бауыржан Сайфунов – Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті теология факультеті деканының орынбасары, дін ғылымдары бойынша PHD. Мұхит Төлеген – дін психологиясы бойынша PHD. Бұл шығарылымда: Ертегі, өлең-жыр, дастандар сәби көкірегінде ізгілік дәнін егеді; Қазақ топырағына ислам қалай жерсінді; Яссауи баба – адамдық диқаншысы; Имам Ағзам Әбу Ханифадан Имам Матрудиге дейін; «Дінді шаншып қармаққа, әркім бір жем іздеп жүр»; Уызына жарымай өскен баланы шетелге оқуға жіберу қауіпті; Хикметтер ілім-ғылымды насихаттайды; Адамның ең жақсысы басқаларға пайдасын тигізгені; Адамзатты сүю өз бауырыңды сүюден басталады. Подкастымызды қолдап, пікір жазыңыздар. Әлеуметтік желілерде бөліссеңіздер, нұр үстіне нұр. Жүргізуші әрі автор: Дина Имамбай – журналист, ғылымды насихаттаушы – https://facebook.com/dina.imambai Tanym Media телеграм-арнасы: https://t.me/mediatanym Подкастымызға лайк басып, әлеуметтік желілерде бөлісіңіз, пікір жазыңыз. Tanym Media, аудио (101 Мб).
Show more...
1 year ago
1 hour 13 minutes 13 seconds

Tanym Media
Энергия көзі кімде болса, күш сонда
Кезекті шығарылым «жасыл энергия» көзі – биогаз жайында. Біздің қонағымыз: Нұрлан Ахметов – PHD, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жаратылыстану факультеті деканының ғылым жөніндегі орынбасары. Гази университетінің түлегі (Түркия). Бұл шығарылымда: Төрт түліктің қиынан электр энергиясын алуға болады; Гази университетінің зертханасында биогаз реакторын жасадым; Биогаз қондырғысы шаруа қожалықтарына өте тиімді; Қоршаған ортаны ластамауға көмектесетін жобаларды қолдау керек; Ғалым жұмысының тұтынушысы – халық; Ертеңгі істі бүгін жаса. Жүргізуші әрі автор: Дина Имамбай – журналист, ғылымды насихаттаушы – https://facebook.com/dina.imambai Tanym Media телеграм-арнасы: https://t.me/mediatanym Подкастымызға лайк басып, әлеуметтік желілерде бөлісіңіз, пікір жазыңыз. Tanym Media, аудио (99 Мб).
Show more...
1 year ago
1 hour 8 minutes 26 seconds

Tanym Media
«Қазақтар – гені таза халық»
Подкастымыздың кезекті шығарылымы генетика жайында. Біздің қонағымыз: Нұрсұлтан Нұрдинов – Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің оқытушысы, генетика бойынша PhD. Бұл шығарылымда: Генетика – биология ғылымының бір тармағы  Ген ұрпақтан-ұрпаққа беріледі Жеті ата дәстүрі – қан тазалығы Радиация – ДНҚ-ның қас жауы Генетикадан Нобель сыйлығын қазақ баласы неге алмасқа? Жүргізуші әрі автор: Дина Имамбай – журналист, ғылымды насихаттаушы – https://facebook.com/dina.imambai Tanym Media телеграм-арнасы: https://t.me/mediatanym Подкастымызға лайк басып, әлеуметтік желілерде бөлісіңіз, пікір жазыңыз. Tanym Media, аудио (70 Мб).
Show more...
1 year ago
50 minutes 42 seconds

Tanym Media
Маңызын жоймайтын мұнай
Подкастымыздың кезекті шығарылымы мұнай химиясына арналды. Біздің қонағымыз: Марат Сағындықов – мұнай инженериясы бойынша PHD және тәуелсіз консультант. Жүргізуші әрі автор: Дина Имамбай – журналист, ғылымды насихаттаушы – https://facebook.com/dina.imambai Tanym Media телеграм-арнасы: https://t.me/mediatanym Эпизодта: Полимерлер, химикат, резеңке, пластик – бәрі де мұнай өнімі; Мұнай мыңдаған метр тереңнен алынады; Жеңіл мұнай бітіп, ауыр мұнайдың уақыты келді; Көмірсутегінен метан, этан, пропан сияқты газдар шығады; Мұнай өнімінің көбі көлік саласында қолданылады; Декарбонизация vs мұнай; Инновациялар енгізіп, миымызды жұмыс істетейік; Ғылымға құштарлық күш-қуат береді. Подкастымызға лайк басып, әлеуметтік желілерде бөлісіңіз, пікір жазыңыз.
Show more...
1 year ago
34 minutes 49 seconds

Tanym Media
Жетпіс жетінші меридианда
Подкастымыздың кезекті шығарылымы астрофизика жайында. Біздің сұхбаттасымыз: Лаура Ембергенқызы – В.Г.Фесенков атындағы Астрофизика институтының ғылыми қызметкері. Жүргізуші әрі автор: Дина Имамбай – журналист, ғылымды насихаттаушы – https://facebook.com/dina.imambai Tanym Media телеграм-арнасы: https://t.me/mediatanym Бұл шығарылымда: Аспаннан мәлімет алатын ғылым Еліміздегі жалғыз институт Астробиологияның негізі Қазақстанда қаланған Обсерваториялар неге биікте орналасады? Стивен Хокиң және Лаура Дәл қазіргі Альтаирды 17 жылдан соң көреміз Ғылым әрдайым трендте Подкастымызға лайк басып, әлеуметтік желілерде бөлісіңіз, пікір жазыңыз.
Show more...
1 year ago
32 minutes 22 seconds

Tanym Media
Алманың атасы
Подкастымыздың кезекті шығарылымы селекция ғылымы жайында. Tanym Media телеграм-арнасы: https://t.me/mediatanym Біздің қонақтарымыз: Балнұр Қабылбекова – Жеміс-көкөніс шаруашылығы бойынша PHD. Сағи Солтанбеков – Қазақ Жеміс-көкөніс ҒЗИ Талғар аймақтық филиалының директоры, Қазақ аграрлық университетінің докторанты. Жүргізуші: Дина Имамбай, журналист. Бұл шығарылымда: Селекционерлер 200 сұрып шығарған; Бір ағашты екінші ағашқа телу күнә емес; Генбанк деген не? Көшет сау болса, жеміс те сау; Селекционер – ХХІ ғасырдың мамандығы; Жабайы алма – апорттың атасы; «Ғылымда қолымнан келгеннің бәрін жасаймын»; «Мақсатым – апортты жаңғырту».
Show more...
2 years ago
43 minutes 25 seconds

Tanym Media
Дүние де өзі, мал да өзі
Подкастымыздың кезекті шығарылымы математика жайында. Біздің қонақтарымыз: Асқар Жұмаділдаев – әйгілі математик, академик. ҚР Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті. Қанат Төленов – математикадан PHD докторы. Мақсат Халық – экономикадан PHD докторанты. UIB бизнес мектебінің директоры. Жүргізуші: Дина Имамбай, журналист - https://facebook.com/dina.imambai Бұл шығарылымда: Әлемге танымал қазақ математиктерін білеміз бе; Қиын да қызық ғылым; Математика мінезді шыңдайды; Шетелде саябақта да тақта бар; Бір есепті шешудің құны – 100 доллар; Мықты математиктерге сұраныс көп.
Show more...
2 years ago
33 minutes 52 seconds

Tanym Media
Құстар тек ән салу үшін жаралмаған
Подкастымыздың алғашқы шығарылымы орнитология ғылымына арналды. Біздің қонақтарымыз: Бекжан Бердіқұлов – жас орнитолог-ғалым, Алматыдағы Зоология институтының докторанты. Қазіргі уақытта ол «Қызыл кітапқа» енген қоңыр кептерді зерттеп жүр. Қанатбек Кенжеғұлов – ақтаулық бердуотчер, мұнайшы. Жүргізуші: Дина Имамбай – журналист - https://facebook.com/dina.imambai Құстарсыз тіршілік етуге бола ма? Құстар неге азайып барады? Қазақстанда құстардың неше түрі бар? Шетелдік ғалымдар Шақпақ асуына не үшін келеді? Табиғатта мылтық емес, фотоаппарат асынып, құстарды аңдитындар кімдер? Бердуотчер бір құсты суретке түсіруге қанша уақытын жұмсайды? Ғылыми сана және табиғатқа деген махаббат. Міне, бұл сұрақтарға ғалым-орнитолог пен әуесқой-құсшы егжей-тегжейлі жауап береді.
Show more...
2 years ago
34 minutes 55 seconds

Tanym Media
Таным Медиа – Дина Имамбайдың ғылыми-танымдық авторлық подкасты. Подкаст ғылымды насихаттауға және танымдық деңгейді көтеруге арналған. Ғылым мен оның маңызы, қазіргі үрдістер жайлы қарапайым тілде түсіндіреді. Әр шығарылымға нақты бір салада ғылыми зерттеулермен айналысып жүрген ғалымдар қатысады. Олар өздерінің ғылымға қалай келгенін, немен айналысып жүргенін, ғылымда болып жатқан жаңалықтар туралы айтады. Подкастың жүргізушісі әрі авторы Дина Имамбай – журналист, ғылымды насихаттаушы.