№3 OyLab: Ғылымды насихаттаушы әйелдер
Журналист Әйнел Әмірхан және аудармашы Бақытгүл Салыхова бұл жолы ғылымдағы әйелдердің рөлі мен олардың жазған кітаптары туралы айтады. Бұл эпизодта Мария Кюриден бастап қазіргі заманғы зерттеуші әйелдерге дейінгі ғылымдағы әйелдердің үлесі мен олардың зерттеулерінің маңыздылығы қарастырылады. Сондай-ақ, ғылыми жетістіктерді кеңінен таныту үшін не істеу керектігі туралы ой қозғайды.
Егер сіз ғылым, зерттеу, гендерлік теңдік тақырыптарына қызығатын болсаңыз, осы эпизодты көріңіздер, тыңдаңыздар!
№2 OyLab: Полигон - айтылмай қалған естеліктер
Журналист Әйнел Әмірхан және аудармашы Бақытгүл Салыхова бұл жолы ядролық сынақ пен радиацияның әсері мен тигізген зардабы туралы жазылған кітаптарды талқылайды.
Шығарылым көрермендерден келіп түскен сұрақтарға жауап беруден басталады.
Жалпы OyLab жүргізушілердің кітап оқу барысында алған әсері, уайымы мен сезімдері, туындаған сұрақтарға жауап іздеуі, өзіндік сараптамасы мен бағалауынан тұрады.
№1 OyLab: Биыл Қаңтар оқиғасына 3 жыл толды. Подкаст эпизодында Әйнел және Бақытгүл осы уақыт аралығында шыққан кітаптарды талқылайды.
Қаңтар туралы шыққан барлық кітапқа сенуге бола ма? Қандай кітаптарды оқыған жөн? Жалпы бұл кітаптар кімге арналған? осы және өзге де сұрақтардың жауабын шығарылымнан таба аласыздар.
OY-DETOX арнасында журналист Әйнел Әмірхан және аудармашы Бақытгүл Салыхова айына бір рет кездесіп зерттеулерге негізделген, ғылыми-танымдық кітаптарды талқылайды.