Жаңалық таратушы журналист қоғамға зиян келтіруі мүмкін бе? АҚШ президенті Дональд Трамп танымал консерватив инфлюенсер Чарли Кирктің өліміне солшыл медиа кінәлі деп, айыптай сөйледі. Тоқаевтың «дәукес әйелдер» туралы айтқан мәлімдемесі қандай реакция тудырды? Журналистер Ақсәуле Әлжан мен Жолдас Өрісбай хейт-қылмысқа ұласатын риториканы болдырмаудың, қоғамда стереотипті ойды орнықтыратын нарративтерге қарсы тұрудың маңызын талқылады. Олар, сондай-ақ, социологиялық зерттеулерге сүйенбейтін айыптаулар мен жалпылама пікірлерге сын көзбен қарап, қоғамды жаңсақ түсініктерден қорғау туралы да айтты.
Қоғамға қызмет ететін журналистиканың басты шарты – редакциялық тәуелсіздік. Бүгінде оған саяси кедергілер де, қаржыландыру мәселелері де қиындық тудырып отыр. Журналистер Ақсәуле Әлжан мен Жолдас Өрісбай журналистиканы қаржыландырудың балама тәсілдерін, редакция тәуелсіздігін сақтаудың тетіктерін және кәсіби принциптерден айнымай жұмыс істеудің маңызын талқылады.Қазақ медиасын кім қаржыландыруы керек? Тәуелсіз журналистика үшін қазақ азаматы қалтасынан тиын шығаруға дайын ба? АҚШтағы мейнстрим медиада шын мәнінде де "солшыл bias, яғни біржақтылық" бар ма? ЛГБТ пропагандасы мен ЛГБТ құқығын сақтаудың аражігін қалай ажыратқан дұрыс? Подкасқа жаңа атау ұсынған тыңдарманымызға "Журналистика элементтері" кітабы (The Elements of Journalism by Bill Kovach and Tom Rosenstiel) сыйлыққа беріледі. Ұсыныстарыңызда кез келген платформаның пікір бағанына қалдырсаңыз болады.
Әлия Әшімнің Абай туралы жариялаған видеосы қоғамда қызу пікірталас туғызды. "Red Line" подкасының алғашқы эпизодында Ақсәуле Әлжан мен Жолдас Өрісбай бұл оқиғаны журналистік этика аясында талқылап, "қызыл сызық" қай жерде өтеді деген сауалға жауап іздеді.