Бақытты болу өсиеттері 8
Бақытты болу өсиеттері 7
Бақытты болу өсиеттері 6
Күнәларына өкініп қайғырғандар бақытты
Інжіл. Матай жазған ізгі хабар 5 тарау
Тақырып: «Бақыт бұл - мойынсұну»
Құдай алдында құр алақан тұрғандар бақытты
Інжіл. Матай жазған ізгі хабар 5 тарау
"Бақытты болу өсиетінің басталуы" 3 уағыз.
Інжіл. Матай жазған ізгі хабар 5 тарау
1 Жиналған халықты көргенде Иса тауға көтеріліп, бір жерге жайғасып отырды. Сол кезде шәкірттері қасына келді. 2 Иса оларға былай деп тәлім берді:
3 - Құдай алдында құр алақан тұрғандар бақытты:
Құдайдың Патшалығы сондайларға арналған!
4 Күнәларына өкініп қайғырғандар бақытты:
Құдай оларды жұбататын болады!
5 Кішіпейіл жандар бақытты:
олар жерді иемденетін болады!
6 Әділдікті аңсап зарыққандар бақытты:
олар қанағат табатын болады!
7 Мейірімділер бақытты:
Құдайдың мейірімі соларға түседі!
8 Жүректері пәк тазалар бақытты:
олар Құдайды көретін болады!
9 Татуластырушылар бақытты:
олар Құдайдың рухани балалары деп аталмақ!
10 Әділдік үшін қудаланғандар бақытты:
Құдай Патшалығы сондайларға арналған!
11 Адамдар сендерді Маған бола қорлап, қудалап,
әр түрлі жала жауып жамандаса, бақыттысыңдар!
12 Қуана шаттаныңдар,
себебі көкте сендерді зор сыйларың күтіп тұр!
Жұрт сендерден бұрынғы пайғамбарларды да солай қудалаған.