Home
Categories
EXPLORE
True Crime
Comedy
Society & Culture
Business
Sports
History
TV & Film
About Us
Contact Us
Copyright
© 2024 PodJoint
00:00 / 00:00
Sign in

or

Don't have an account?
Sign up
Forgot password
https://is1-ssl.mzstatic.com/image/thumb/Podcasts112/v4/63/bb/f8/63bbf86f-62b7-4bd5-1e3e-f829d228af4c/mza_526592041213452260.jpg/600x600bb.jpg
Жаншипа
Азаттық радиосы
34 episodes
Few seconds ago
"Жаншипа" - Азаттықтың психологиялық подкасты. Бұл подкаста психолог, психоаналитик, психотерапевт мамандармен түрлі психологиялық мәселелер бойынша сұхбаттасамыз. Подкастың авторы әрі жүргізушісі - Азаттық тілшісі Руслан Меделбек.
Show more...
Mental Health
Health & Fitness
RSS
All content for Жаншипа is the property of Азаттық радиосы and is served directly from their servers with no modification, redirects, or rehosting. The podcast is not affiliated with or endorsed by Podjoint in any way.
"Жаншипа" - Азаттықтың психологиялық подкасты. Бұл подкаста психолог, психоаналитик, психотерапевт мамандармен түрлі психологиялық мәселелер бойынша сұхбаттасамыз. Подкастың авторы әрі жүргізушісі - Азаттық тілшісі Руслан Меделбек.
Show more...
Mental Health
Health & Fitness
Episodes (20/34)
Жаншипа
Адамдар неге құрбан, құтқарушы, агрессор болады? Бұл рөлдерден қалай шығамыз?
"Жаншипаның" 34-эпизодында карпман үшбұрышы деген тақырыпты талқыладық. Психологияда Карпман үшбұрышы жайлы айтқанда адамдарға құрбан, құтқарушы, агрессор деген рөлдер беріп жатады. Демек, құрбан, құтқарушы, агрессор деген кім? Адам бұл рөлдерге қалай түсіп кетеді және рөлдерден қалай шығуға болады? Осы сауалдарға практик психолог Назира Бурханова жауап берді.
Show more...
12 months ago
40 minutes 44 seconds

Жаншипа
Агрессияны қалай тежейміз, қалай дұрыс шығарамыз? Агрессияның зияны (пайдасы) қандай?
"Жаншипаның" 33-эпизодында адам бойындағы агрессия туралы сөз қозғадық. Агрессияны қалай тежейміз? Агрессияны қалай дұрыс шығарамыз? Агрессияның пайдасы мен зияны қандай? Ашудың көп болуына не себеп? Бала ашуланғанда ата-ана қалай әрекет етуі керек? Осы сауалдарға практик психолог Гүлзат Қанат жауап берді.
Show more...
1 year ago
37 minutes 16 seconds

Жаншипа
"Өзгені бірінші, өзімді соңғы орынға қоямын". Адамның адамға эмоциялық тәуелділігі
"Жаншипа" психологиялық подкастының 32-эпизодында адамның адамға эмоциялық тәуелділігі жайлы сөз қозғадық. Мұны психологтар эмоцияналды тәуелділік, cоотәуелділік, қоса тәуелділік деп жатады. Бұл қандай тәуелділік? Бұған не себеп? Эмоцияналды тәуелділік адам өміріне қалай әсер етеді? Бұл сұрақтарға психоанализ бағытындағы психолог Назипа Жанәділқызы жауап берді.
Show more...
1 year ago
44 minutes 55 seconds

Жаншипа
Неге біз көп ұяламыз? Шектен тыс ұят сезімін қалай азайтамыз?
Азаттықтың "Жаншипа" психологиялық подкастының 31-эпизодында ұят сезімі туралы сөз қозғадық. Адам бойындағы ұят сезімінің шектен тыс болуына не себеп? Ұят сезімін қалай еңсереміз? Неден шын ұялып, неден ұялмау керек? Бұл сұрақтарға ұят сезімін зерттеп жүрген психоанализ бағытындағы психолог Мейіргүл Бимағамбетова жауап берді.
Show more...
1 year ago
35 minutes 8 seconds

Жаншипа
Баламен жыныстық тақырыптарда қалай сөйлесеміз?
Балаға жыныстық тәрбиені қалай береміз? Жыныстық тәрбиенің маңызы қандай? Ересектер баламен жыныстық тақырыптарда қалай сөйлесу керек? Балаға жыныстық қатынас туралы қалай түсіндіреміз. "Жаншипа" психологиялық подкастының 30-эпизодында кәсіби психолог Әсем Байбасаровамен баланың жыныстық сауаттылығы тақырыбын талқыладық.
Show more...
1 year ago
39 minutes 20 seconds

Жаншипа
Бойдағы энергияны қалай сақтаймыз? Күшімізді қалай дұрыс жұмсау керек?
Бойымызда энергия таусылғанда не істейміз? Энергия мен ресурсты қалай жинаймыз? Энергия мен ресурстың маңызы неде? "Жаншипа" психологиялық подкастының 29-эпизодында практик психолог Шапағат Есжанмен адамның энергиясы және ресурсы тақырыбын талқыладық.
Show more...
1 year ago
31 minutes 51 seconds

Жаншипа
"Анамда рак..." Қатерлі ісік, іштегі өксік, дертпен күрес және үміт
"Жаншипа" подкастының бұл эпизодының қонағы – бір шаңырақтың ұлы, сүйікті жар, бала тәрбиелеп отырған әке, журналист Марғұлан Ақан. Марғұланның анасына қатерлі ісік диагнозы қойылған. Бірнеше жылдан бері анасын емдетіп, жақында анасының қатерлі ісікпен күресі жайлы "Үміт" деген кітап жазып шығарды. Марғұланмен жақыныңа қатерлі ісік диагнозы қойылғаннан кейінгі күрес пен өмір жайлы әңгіме өрбіттік.
Show more...
1 year ago
41 minutes 37 seconds

Жаншипа
Негативті ойлармен қалай күресеміз? Жаман ойлардан қалай арыламыз?
Негативті ойлар қайдан пайда болады? Негативті ойларды қалай азайтамыз? Теріс ойлар өмірімізге қалай әсер етеді? "Жаншипа" психологиялық подкастының 27-эпизодында халықаралық коуч, "Ойыңды өзгертіп, өміріңді өзгерт" кітабының авторы Кәмшат Бекжігітовамен негативті ойлар деген тақырыпты талқыладық.
Show more...
1 year ago
32 minutes 38 seconds

Жаншипа
Дисфункционалды отбасыдан шыққан жандар қиындықтарды қалай еңсереді?
"Жаншипа" психологиялық подкастының 26-эпизодында дисфункционалды отбасы туралы сөз қозғадық. Дисфункционалды отбасы деген не? Мұндай отбасынан шыққан балалар есейгенде қандай мәселелерге тап болады және бұл мәселелерді қалай шешеді? Дисфункционалды отбасыны ұйыған жақсы отбасыға айналдыру мүмкін бе? Міне, эпизодта осы және басқа да сауалдарға психология ғылымдарының магистрі Салтанат Саду жауап берді.
Show more...
1 year ago
37 minutes 46 seconds

Жаншипа
Смартфон, гаджетке тәуелділіктен қалай құтылуға болады?
"Жаншипа" психологиялық подкастының 25-эпизодында смартфонға, гаджетке тәуелділік туралы сөз қозғадық. Кейінгі кезде біздің подкасты тыңдаған бірнеше адам "смартфонға тәуелдімін, күніне орта есеппен жеті сағаттай телефонға кетеді. Көзім құрғай бастады, бұдан қалай құтыламын?" деп жазды. Сондықтан смартфон, гаджетке тәуелділік тақырыбын қозғауды жөн көрдік. Смартфонға тәуелділіктің себебі неде? Адам бұл тәуелділіктен қалай шыға алады? Бұл сауалдарға "Цифрлық тәуелділік" кітабының авторы, психолог Самал Самарқанқызы жауап берді.
Show more...
1 year ago
30 minutes 52 seconds

Жаншипа
Абьюз деген не? Абьюзер деген кім?
"Жаншипа" психологиялық подкастының 24-эпизодында абьюз қарым-қатынас тақыбырын талқыладық. Абьюзер деген кім? Нарцисс деген кім? Абьюз қарым-қатынас деген не? Неге адам абьюз қарым-қатынасты бейсаналы түрде бастап кетеді? Бұл қарым-қатынастан қалай шығамыз? Абьюз бен нарцисс адамды қалай танимыз? Бұл сауалдарға психолог Іңкәр Алиевамен бірге жауап іздедік.
Show more...
1 year ago
42 minutes 12 seconds

Жаншипа
Невроз: Оған не себеп, қалай алдын алуға болады?
"Жаншипа" психологиялық подкастының 23-эпизодында невроз және невроздың салдары жайлы талқыладық. Неврозға не себеп? Невроздың алдын алуға бола ма? Невроздың адам денсаулығына әсері қандай? Неврозды қалай емдейді? Осы сауалдарға психотерапевт-дәрігер, клиникалық психолог Абылайхан Рысдәулет жауап берді.
Show more...
1 year ago
42 minutes 43 seconds

Жаншипа
Психотерапия өмірімізге қалай әсер етті? Психологқа барып жүрген адамдардың әңгімесі
"Жаншипаның" осыған дейінгі эпизодтарында психолог мамандар "көп мәселенің шешімі психолог өткізетін терапияда, бұл мәселені шешу үшін психологқа бару керек" дегенді жиі айтқан еді. Сондықтан бұл эпизодта психологқа барып жүрген Арайлым Нұрланқызы мен "Жаншипа" авторы Руслан Меделбек психотерапия өмірлеріне қалай әсер еткенін талқылады.
Show more...
2 years ago
42 minutes 8 seconds

Жаншипа
"Жазалау баланың құндылығын жояды". Бала психикасының ерекшелігі неде?
"Жаншипа" психологиялық подкастының 21-эпизодында бала психологиясын, бала психикасын, баланың мінезінің ерекшеліктерін талқыладық. Баланы жазалау дұрыс па? 3-4 жастағы кризис кезінде ата-ана қалай әрекет еткені дұрыс? Баланың өтпелі кезеңін қалай еңсереміз? Осы сауалдарды балалар психологы Ақгүл Төлеуханқызымен талқыладық.
Show more...
2 years ago
41 minutes 59 seconds

Жаншипа
"Анам мені жек көреді-ау". Ата-анаға деген өкпе-ренішті қалай еңсереміз?
Азаттықтың "Жаншипа" психологиялық подкастының 20-эпизодында ата-анаға деген өкпе-реніш тақырыбын қозғадық. Әке-шешеге деген өкпе-реніш ересек өмірге қалай әсер етеді? Сол өкпе-ренішті қалай еңсереміз? Бала кезде ата-анадан көрмеген жылулықты есейгенде қайдан аламыз? Бұл сұрақтарға практик-психолог, гештальт-кеңесші Венера Елеу жауап берді.
Show more...
2 years ago
41 minutes 27 seconds

Жаншипа
"Мен жаманмын, басқа адамның бәрі жақсы". Өмірлік позиция деген не? Ол адамның өміріне қалай әсер етеді?
Азаттықтың "Жаншипа" психологиялық подкастының 19-эпизодында өмірлік позиция және өмірлік сценарий деген тақырыпты талқыладық. Өмірлік позиция деген не? Адам өзінің өмірлік позициясын білгені қаншалықты маңызды? Өмірлік сценарийді өзгертуге бола ма? Бұл сұрақтарға транзактілі анализ бағытында жұмыс істейтін психолог Әсел Садумен жауап іздедік.
Show more...
2 years ago
30 minutes 28 seconds

Жаншипа
"Туған ағам зорлады". Бала кезде зорланғандар жан-жарасын қалай жазады?
Азаттықтың "Жаншипа" психологиялық подкасында бала кезде сексуалды зорлық зомбылық көргендердің психологиялық мәселелерін, бала кезде зорлық-зомбылыққа тап болғандарға көмектесу жолдарын, балаларды сексуалды зорлық-зомбылықтан қорғау мәселесін талқыладық. Бұл эпизодта психолог маман Әсем Байбасаровамен "зорлық-зомбылық көргендерге қалай көмектесеміз?", "зорлық-зомбылық көргендердің өмірге деген сенімін қалай қайтарамыз?", "зорлық көрген ер адамдарға қандай көмек көрсетеміз?" деген сауалдарға жауап іздедік. Бұдан бөлек "баланы педофилден сақтау үшін ата-аналар не істеу керек?" деген мәселені де қозғадық. 
Show more...
2 years ago
41 minutes 37 seconds

Жаншипа
"Ата-анам ішеді, шаршадым". Эмоционалды есеймеген ата-ана балаларын қалай қинайды?
Азаттықтың "Жаншипа" психологиялық подкасының 17-эпизодында психологиялық тұрғыда есеймеген ата-ананың есейген балалары деген тақырыпта сөз қозғамақпыз. Бұл – өте ауыр әрі маңызды тақырып. Себебі бұл тақырып қазақ медиасында, интернет кеңістігінде көп айтыла бермейді. Яғни, психологиялық тұрғыда есеймеген ата-анадан тәрбие алған бала кейін есейгенде қандай мәселелерге тап болады? Дизфункциональды отбасыдан шыққан балалардың есейгендегі мәселелері қандай болады? Ата-анасы ішімдік ішкен балалар үлкейгенде тап болатын қиындықтар қандай? Бұл сауалдарға практик психолог Гүлзат Қанатпен жауап іздедік.
Show more...
2 years ago
34 minutes 40 seconds

Жаншипа
Ғашықтықтан үй болғанға дейін... Бір-бірін ұнатқан екі адам қарым-қатынасты қалай бастағаны жөн?
Азаттықтың "Жаншипа" психологиялық подкасының 16-эпизодында махаббат, екі адам арасындағы қарым-қатынас тақырыбын қозғап, қарым-қатынастың алғашқы этаптарынан үйленуге дейінгі кезеңді қамтыдық. Яғни, қарым-қатынасты қалай бастаймыз? Үй болғанға дейінгі мәселелерді екі тарап қалай шешкені жөн? Екі ғашық жеке шекараларын қалай түзу керек? Жалпы тату-тәтті, дұрыс қарым-қатынасты қалай бастаймыз? Бұл сауалдарға кәсіби психолог Әсел Исаханова жауап берді.
Show more...
2 years ago
45 minutes 16 seconds

Жаншипа
"Тиктокта өте көп отырамын. Не істеймін?" Интернетке тәуелділікті жеңудің алғышарттары
Азаттықтың "Жаншипа" психологиялық подкасының 15-эпизодында интернетке, әлеуметтік желіге тәуелділік мәселесін талқыладық. Желіге тәуелділікті қалай жеңеміз? Бала интернетке тәуелді болса, ата-ана не істеу керек? Желіге тәуелділіктің белгілері қандай? Міне, бұл сұрақтарға 20 жылдан аса тәжірибесі бар психолог Алтыншаш Матаева жауап берді.
Show more...
2 years ago
26 minutes 2 seconds

Жаншипа
"Жаншипа" - Азаттықтың психологиялық подкасты. Бұл подкаста психолог, психоаналитик, психотерапевт мамандармен түрлі психологиялық мәселелер бойынша сұхбаттасамыз. Подкастың авторы әрі жүргізушісі - Азаттық тілшісі Руслан Меделбек.