Бәрімізде коучқа, психологқа қойғымыз келетін сұрақтар мен түрлі запростар болуы мүмкін. Бұл эпизодта мен өз клиенттерімнен және аудиториямнан жиналған запростарды алып, соларға өз тарапымнан жауап беруге тырыстым. Жеке сессиядағыдай терең ізденіп, жауап беру мүмкіндігі бұл форматта қиындау. Себебі әр жағдай өз бетінше ерекше және болуы мүмкін шешімдер де сан түрлі. Дегенмен базалық деңгейде өз сұрағыңыздың жауабын аласыз деген ойдамын.
100 млн теңге қарыз болғанда орнымнан не тұрғызды?
Қарым-қатынаста қандай иллюзияға түсеміз және шешімі не? Өзімізбен жұмысты неден, қалай бастаймыз?
Бүгінгі шығарылымда продюсерім Ғайни ханым екеуміз осы мәселелер аясында сөйлестік.
Тыңдап, сізге қазір көмектесетін бір ой түйерсіз. Сәттілік!
Бүгінгі эпизодта серіктесім Ғайни ханым @gainishine екеуміз жалдамалы қызметкер бола жүріп, табысты арттырудың жолдарын талқыладық. Шынында, қазір барлық жақтан "кәсіп ашып бай бол" деп ұрандап жатыр. Бай болудың жалғыз жолы кәсіп пе? Кәсіп бәріне бірдей керек пе? Жұмыстан шықпай-ақ, жанымызға жаққан мамандықпен көп ақша табудың қандай жолдары бар? Подкаст арқылы осы сұрақтардың жауабын бірге іздейік.
Бәрімізге құдай бір қабілет пен табыс көзін, жолдарын берген. Бәріміз белгілі бір деңгейде табыс табамыз. Бірақ біреуде үнемі ақша жоқ, үнемі қарызда. Ал, енді біреу қанша тапса да жетеді, базалық қажеттіліктері жабылған. Бұлай болудың психологиялық себептері мен өзіндік паттерндардан басталады және шешімі бар. Ендеше, осы подкаст арқылы жауап беруге тырыстық.
Артық ойлар мен түсініксіз бір тревожность маза бермейтін сәттер болады. Осы сәттерден шығып, расслабленное состояниеге қалай жетеміз? Біздің негізгі проблемамыз не және оны қалай шешеміз? Ұзақ мерзімдік іс әрекет (долгосрочные действия) жасауға бүгін жасай алатын қадамдар қандай? Бүгінгі эпизод осы сұрақтардың айналасында өрбіді. Сізге пайдалы болады деген ниетпен, Құлан Мектепберген!
Бәріміздің өмірімізде бәрі кері кететін, бәрі быт-шыт боп жатқан секілді кризистік шақтар боп тұрады. Көбіміз осындай сәттердердегі ішкі күйзеліс пен тығырықтан қалай шығарымызды білмей дал боламыз. Ендеше, осы эпизодта біз кризистік ситуациялардан қалай шығамыз, осы туралы сөйлестік.
Бұл "ПОТЕНЦИАЛ" подкастының 2-эпизоды.
Эпизодта мақсаттарымызға жетуге көмектесетін маңызды навигатор жайлы сөз қозғадық. Ол навигаторды қайдан аламыз? Бәрі айтып жүрген "подсознание" мен сезімдер бізге қалай көмектеседі? А нүктеміз бен Б нүктемізді қалай анықтаймыз? Эпизодты соңына дейін тыңда сізге осы сауалдарға жауап тауып, мақсаттарыңызға бір табан жақындауға көмектеседі.
1. Алғашқы, пилотный выпускта мен обесценивание, яғни құнсыздандыру туралы ойыммен бөлісетін боламын.
2. Обесценивание деген не? (белгілі бір затқа, адамға, бір жетістікке немесе бойыңдағы бір қасиетке өзінің тиісті бағасын бермеу)
3. Адамның өз-өзіне обесценивание жасауы.