Home
Categories
EXPLORE
True Crime
Comedy
Society & Culture
Business
Sports
Health & Fitness
Technology
About Us
Contact Us
Copyright
© 2024 PodJoint
Loading...
0:00 / 0:00
Podjoint Logo
US
Sign in

or

Don't have an account?
Sign up
Forgot password
https://is1-ssl.mzstatic.com/image/thumb/Podcasts211/v4/90/54/1f/90541f3b-1ebc-a4c2-3661-94f73596e9c3/mza_3455866405364412280.jpg/600x600bb.jpg
bir kese şay
TORGYN
14 episodes
1 day ago
Сәлем! Бұл - Торғын, “бір кесе шай” подкасының авторымын. Шетелде оқитын қазақтардың әңгімесін тыңдауға шақырамын.
Show more...
Society & Culture
RSS
All content for bir kese şay is the property of TORGYN and is served directly from their servers with no modification, redirects, or rehosting. The podcast is not affiliated with or endorsed by Podjoint in any way.
Сәлем! Бұл - Торғын, “бір кесе шай” подкасының авторымын. Шетелде оқитын қазақтардың әңгімесін тыңдауға шақырамын.
Show more...
Society & Culture
Episodes (14/14)
bir kese şay
Жанеля: Польшадағы өмір, құндылықтар сәйкестігі, поляктардың MBTI-ы, құжатсыз миграция

Сәлем-сәлем, достар!

Сіздермен сағынысып қауышқан бір ғанибет екен. Бір кесе шайдың жаңа эпизодын таныстырғымыз келеді.

Студиямыздың қонағы Жанеля Амангельдина. Еуразия Ұлттық университетінде цифрлі медиа мамандығында оқыған. Кейін Варшавада Marketing Management мамандығын тәмамдап, Польшада TransferGo ақша аудару бойынша Орталық Азия және Кавказ аймақтарына жауапты маркетолог маманы болып қызмет істейді. Магистратураға дейін Астана қаласындағы AstanaHub халықаралық стартаптар паркінде СММ/маркетолог боп жұмыс істеген.

Кофе мәдениетінен басталған әңгімеміз біраз тақырыптың басын ашты. Бұл эпизодта Жанель Польшада оқу әрі жұмыс істеу тәжірибесін ашып айтты. Польша мен Кореядағы студенттік өмірді, поляк мен корей, қазақ халықтарын салыстырып, олардың MBTI-лары қандай деген сұраққа жауап іздедік.

Еуропа мен Азиядағы Орталық Азиялықтардың репрезентациясы жайлы, құжатсыз миграцияның әсері, Аstana Hub туралы сөз қозғадық.

Подкаст сіздерге ұнады деген үміттеміз!

Достар, егер сіздерді Еуропадағы өмір қызықтырса, Жанеляның инстаграм парақшасына жазылып кетіңіздер!

@heyjanelle


Show more...
1 day ago
1 hour 37 minutes 6 seconds

bir kese şay
Мирас: көміртек несиелері мен жасанды интеллект, жұмыс/өмір гармониясы

Сәлем, достар!

Қыркүйек айының соңғы аптасында кезекті эпизодымызды қабыл алыңыздар.

Бүгін бізде қонаққа Мирас келді. Мирас Sejong University Computer Science & Engineering мамандығында білім алды. Қазіргі таңда ThanksCarbon cтартап компаниясында ML Engineer/Data Scientist боп қызмет істейді. Қонағымыз қызмет ететін компания ESG - Қоршаған орта, әлеуметтік жауапкершілік, корпоративтік басқару, Sustainable Agriculture - Тұрақты ауыл шаруашылығы, Biodiversity - Биоалуантүрлілік бағыттары бойынша жобалар жасап жатыр.

Қонағымыз Мираспен Седжоң университетіндегі бакалавр кезіндегі өмірі, Қазақстанға саяхат, фильмдер, хоббилер, жасанды зиятты экологияны жақсартуда қалай пайдаланып жатқаны, неге ЖИ-ді бақылауда ұстамау керектігі туралы әңгіме қозғадық.

Мирасқа қонақ боп келгені үшін алғыс айтамыз!

инстаграмы: @mirasagirbay

подкастта айтылған фильмдер:

"ҚАШ"

"Eat drink man woman"

"Brokeback Mountain"



Show more...
1 month ago
59 minutes 44 seconds

bir kese şay
Адэль: NIS түлегі болу, SKY мен Назарбаев университетінде оқу, KIA-дағы мансап

Хей, достар!

Жаңа семестр - жаңа подкаст демекші, кезекті эпизодты қарсы алыңыздар.

Шығарылымның қонағы - Адэль Толеубекова. GKS стипендиялық бағдарламасының бакалавр бағытының жеңімпазы. Korea University-де электр инженериясы (Electrical Engineering) мамандығында білім алды. Қазіргі уақытта КIA компаниясында қызмет атқарып жүр.

Бұл эпизодта Адель өзінің оқуға түсу тәжірибесі мен Кореяда жұмысқа орналасу процесін айтып берді.

Сонымен қатар Қазақстандағы жаңалықтар, жергілікті мемдер, MBTI тестінен бөлек танымал 에겐 테토 테스트 мінез-құлық типін анықтайтын тестілеу түрі жайлы әңгімелестік.


Адельге алғыс айта отыра, астыға оның инстаграм парақшасын белгілеп кетеміз. Сұрақтарыңыз болса, оған жазылуға болады және біздің инстаграм парақшамызға қолдау білдіріп кетсеңіздер қуанып қалар едік.

көп рақмет!!

@aaaddelle

@birkesecay

@iamtorgyn

Мектеп жайлы деректі фильм: https://youtu.be/D7O-DeE56qU?si=B6QAtWtkfM0MhnQS

CAPS unlock podcast with Adeeb Khalid: https://podcasts.apple.com/kz/podcast/caps-unlock-podcast/id1781868199


Show more...
1 month ago
57 minutes 29 seconds

bir kese şay
Торғын: соло-подкаст, жаңа нәрсені бастау қорқынышы, әйел классиктер, бірқалыпты демалыс, лабубу мен tradwives

Сәлем әлем!

Екінші соло подкастты қабыл алыңыздар.

Осы шығарылымда екі жарым ай бойы жүргізіп жүрген подкастқа рефлексия жасадым. Бір кесе шайға қатысты хабарландыру бар. Міндетті түрде тыңдап шығыңыздар~

Cосын жазғы каникулды қалай өткізіп жатқанымды айтып, оқып шыққан, оқып жатқан кітаптарға да тоқталдым.

Жаңа тіл оқып бастадым, ағайын. Қандай тіл деп ойлайсыздар? подкастты тыңдау арқылы бірнеше hints бар екенін ұғасыздар.

Осы шығарылымда тағы бір көтерген тақырып - мәдени антропология. Дәстүрлі әйелдер (tradswives) мен лабубу, дубай шоколады нені білдіреді? Оның мәдени антропологияға қандай қатысы бар?

Подкаст барысында айтылған кітаптар:

Эмили Бронте - Wuthering heights

Симона де Бовуар - Өте оңай өлім/A very easy death, Екінші жыныс/the second sex

Ф. Достоевский - Ақ түндер/ Белые ночи

Луиза Мей Алкотт - Кішкентай ханымдар/ The little women

Джейн Остин - Тәкаппар ғашықтар/Pride and Prejudice

Херман Мелвилл - Моби Дик/Moby Dick

Бір кесе шай подкасын тыңдағандарыңызға мың алғыс!

Подкастты барлық подкаст тыңдау платформаларынан таба аласыздар.




Show more...
2 months ago
30 minutes 28 seconds

bir kese şay
Аружан: қазақша ageism, токсик профессорлар, қыздарға қысым, қазақ қоғамындағы асығыстық, хәппи мүшел жас, он жылдан кейінгі біз

Қайырлы таң-қайырлы күн-қайырлы түн достар!

бір кесе шай подкасының жаңа эпизодын қарсы алыңыздар.

студиямызда қонақта Аружан Серікқан. HANYANG университетінің магистратурасында маркетинг мамандығы бойынша білім алған. Қазір Сеулде аудармашы боп қызмет атқарады.

Подкастта Аружанның Қазақстанға сапары мен Сеулдегі магистратурада алған біліміне беретін бағасы, аудармашылық жұмыстағы қазақ тілінің рөлі, қазақ қоғамындағы қыздар көретін қысым, тез-тез мәдениет, мүшел жас туралы сөз қозғадық. Аружан Оңтүстік Кореяда білім алғысы келетін жандарға өз тәжірибесін айтып, кеңестерін берді. Елге барған сапарынан түйген ойлары мен әсерлерін айтып, он жылдан кейінгі өзімізге сәлем жолдадық.


https://www.instagram.com/aruzhanly?utm_source=ig_web_button_share_sheet&igsh=ZDNlZDc0MzIxNw==

Достар, Аружанның интстаграм парақшасынан Кореяда білім алу мен саяхат, корейлік әртістерді көруге қатысты қызықты ақпарат табасыздар. Аружанға жазылуды ұмытпаңыздар.

Рақмет!


Show more...
3 months ago
1 hour 33 minutes 29 seconds

bir kese şay
Динара Тілеубек: Иордания екінші үйім, мейірім тізбегі мен мейірім тілі - саяхат философиясы

алақай, бір кесе шай подкасының кезекті эпизоды желіде!

бірінші маусым жетінші эпизодтың қонағы - бір ғана жолдорбамен әлемді шарлайтын жиһанкез Динара Тілеубек.

Динара ханым Сеулге саяхаттап келіп, бізбен подкаст жазуға келісімін берді. Бұл оның дебют подкасы десек те болады. Сондықтан сіздерден көп қолдау күтеміз.

Подкаст сұхбат есебінде өтті. Шығарылымда қонағымыз неліктен жалғыз бір рюкзакпен саяхаттауды таңдағанын, саяхат оны қалай өзгерткені туралы сөз қозғайды.

Сонымен қатар саяхаттау арқылы түйген ойлары мен өз саяхат философиясы жайлы айтып берді. Сіздер мейірім тізбегі мен мейірім тілін білесіздер ме?

Саяхаттап барған елдерді тізіп санамайтын, жергілікті адамдармен бірге тұрып, олардың өмір салтын өз көзімен көріп қана қоймай, өзі де бірге сезінетін, танымайтын адамдармен тез тіл табысып, түрлі елден жақын отбасындай араласатын адамдарды кездестіретін, автостоппен жалғыз саяхаттаудан еш қорықпайтын саяхатшының әңгімесін тыңдауға шақырамыз.

Динара ханымның инстаграмына жазылуды ұмытпаңыз!

@dirosie_

https://www.instagram.com/dirosie_?utm_source=ig_web_button_share_sheet&igsh=ZDNlZDc0MzIxNw==

Подкастты барлық подкаст тыңдау жүйелерінен табасыздар.

Біз айтқан BBC түсірген бейне сілтемесі:

https://youtu.be/SZ5JjLdzQ1o?si=nkJqIKDSqljOaf03

PBS NOVA арнасының деректі фильмі:

https://youtu.be/7PYLVshtJm0?si=q9bHQw1avHlpSTIg

Көп-көп рақмет!


Show more...
3 months ago
1 hour 3 minutes 24 seconds

bir kese şay
Дария: Румыния мен Оңтүстік Корея, қазақ тілі, менталды денсаулықтың маңызы, айдентика, "ақырын жүріп анық басу"

Подкасымыздың кезекті шығарылымының қонағы - Дария Корё университетінің әлеуметтану мамандығында оқитын бакалавр студенті. GKS атты Оңтүстік Корея мемлекетінің стипендиялық бағдарламасының 2022 жылғы жеңімпазы.

Оңтүстік Кореяға келместен бұрын Румыния елінің мемлекеттік бағдарламасы бойынша грант иегері атанды. Клуж-Напока қаласындағы Babeş-Bolyai университетінде әлеуметтану мамандығына оқуға түскен.

Қонағымызбен түрлі тақырыпта сөз өрбіттік. Шетелде білім алғысы келетін жастарға ата-ананың қолдауы маңызды екенін айтып, Дария өз процесі туралы баяндап берді.

Сонымен қатар төмендегі сұрақтарға подкаст барысында жауап табуға тырыстық:

Шетелде жастардың айдентикасы әлсірей ме? Корей дос табуға бола ма? Менталды денсаулықты күтпесек не болады? Стресті қалай жеңеміз? Оқуға тапсырғымыз келсе, ата-анамызды қалай көндіреміз?Шетелде оқыңыз келсе, дайындықты неден бастаймыз?

Подкастта айтылған кітаптың аты: Orientalism by Edward Said.

Рақмет!


Show more...
3 months ago
1 hour 14 minutes 48 seconds

bir kese şay
Lilja: from MBTI to books, how to explore Han Kang's world, tips for beginner readers

Hello!

This is our first episode in English and I am so happy that we recorded it with Lilja!! Lilja is from Iceland and we are currently studying Korean studies together at Korea university.

In this episode you will know Lilja's experience in Korea and we discuss books. We hope you'll enjoy it!

The books we recommended during the discussion:

Han Kang's books:

White book

Whe vegetarian

Human acts

We do not part

"Hobbit" and "The lord of the rings" by J.R.R. Tolkien

If I had your face by Frances Cha

White nights by F. Dostoyevsky

Siddhartha by Herman Hesse

Reader, come home by Maryanne Wolf

Independent people by Halldór Laxness

The book of words by Abay

Nomads by Iliyas Essenberlin

The scent of wormwood by Sayin Muratbekov

Gravedigger by Dulat Isabekov

Pachinko by Min Jin Lee

Sunrise on the reaping by Suzanne Collins

Welcome to the Hyunam-Dong bookshop by Hwang Bo-Reum

Before the coffee gets cold by Toshikazu Kawaguchi

What is History, Now? by Helen Carr, Suzannah Lipscomb

How to move abroad and why it's the best thing you'll do by Jessica Drucker

The sympathizer by Viet Thanh Nguyen

https://www.goodreads.com/book/show/77287.Independent_People

Thank you!!!

Show more...
4 months ago
1 hour 17 minutes 5 seconds

bir kese şay
Қанатбек: Сеул мен Дубай, шығыс Азиядағы білім беру жүйесі, қазақ тарихы мен әлем тарихы

Бұл бөлімде Сеулдегі Седжон университетінің студенті Қанатбекті қонаққа шақырдық. Мамандығы - Бизнес және басқару (Business administration).

Сеулге дейін БАӘ-де білім алғаны жайлы әрі ауысыммен Жапонияда оқығаны жайлы сөз қозғайды. Эпизодта Корея тарихы мен Қазақстан тарихын да түртпей кетпейміз. Сіздерге ұнайды деген ойдамыз.


Дисклеймер: Отырар қаласын билеген Хорезм падишахы Қайырханның атын дұрыс айтпаппыз.

Show more...
4 months ago
55 minutes 53 seconds

bir kese şay
Ержан: екі Корея, солтүстік Кореядан келетін қашқындар жайлы

Бұл эпизодта Ержанмен Оңтүстік Корея мен Солтүстік Кореяның қарым-қатынасы, қашқындардың Кореядағы жағдайы мен оларға көрсетілетін кемсітушілікті еліміздегі қандастарымызға жасалатын кемсітушілікпен параллель жүргізіп талқыладық.

Қонағымыз Ержан Сеулде орналасқан Солтүстік Кореяны зерттейтін University of North Korea-да магистратурада оқыды. Дәл осы тақырыпта сөйлесуге болатын бірден-бір қонақ.


Университетте 북한 정치통일 - солтүстік Корея саясаты мен қайта бірігуі мамандығын биыл ақпанда тәмамдады.

Ержанның зерттеу қызығушылығы Солтүстік Корея мен Ресей мемлекетінің қарым қатынасы (북-러 협력강화, 북-러 밀착관계), Корей түбегінің бөлінуі және қосылуы (남북 분단 및 통일 연구), бейбітшілік-평화, Солтүстік Корея мен Ресейдің авторитарлық режимдерін зерттеу: Путин мен Ким Чен Ынның жаңа авторитарлық саясаты - 북한과 러시아의 권위주의체제에 대한 연구: 푸틴과 김정은 신권위주의 정권 중심으로.

Ержанның инстаграм парақшасы: @yeechankz


Жаңа эпизод қызық болады деген үміттеміз!

Show more...
4 months ago
36 minutes 26 seconds

bir kese şay
Нұрсұлу: ру сұрасу - қазақша нетуоркиң, MBTI, тіл үйрену, қазақтың оқуда есесі қалған, 31 мамыр

Chunang университетінің магистранты Нұрсұлумен үйді сағынған кезде не істейміз деген сұраққа жауап іздедік. Ағылшын тілін үйрену жолы, қазақ музыкасы, ашаршылық пен репрессия құрбандары жайлы бірер сөз айттық. Подкасымыз ұзақ боп кетті деп айыпқа бұйырмассыздар. Ұзақ болса да тыңдайсыздар деген үміттеміз🫶🏼

Show more...
4 months ago
1 hour 7 minutes 57 seconds

bir kese şay
Ержан: Ақтөбеден Сеулге дейінгі жол, білім беру жүйесі, дұрыс қойылмаған мақсат

Алғышқы қонағымыз Ержанмен подкаст жаздық. Подкастта білім беру жүйесінен бастап мәдени танданыстарға (шок) дейін әңгіме өрбіттік. Сіз шетелде нені көріп мәдени шокқа түстіңіз?

Show more...
5 months ago
48 minutes 36 seconds

bir kese şay
Кореяда білім алу тәжірибем

Кореяда білім алуым жайлы толығырақ айтып беремін осы шығарылымда :)

Show more...
5 months ago
17 minutes 3 seconds

bir kese şay
Кіріспе: bir kese şay туралы

Кіріспе шығарылымды тыңдап, подкасымыздың кезекті шығарылымдарын күтіңіздер!

Мен кіммін? Неге подкаст осылай аталды? Подкастты бастау себептерім жайлы баяндадым.

Show more...
5 months ago
4 minutes 52 seconds

bir kese şay
Сәлем! Бұл - Торғын, “бір кесе шай” подкасының авторымын. Шетелде оқитын қазақтардың әңгімесін тыңдауға шақырамын.