Home
Categories
EXPLORE
True Crime
Comedy
Business
Society & Culture
Health & Fitness
Sports
Technology
About Us
Contact Us
Copyright
© 2024 PodJoint
00:00 / 00:00
Podjoint Logo
US
Sign in

or

Don't have an account?
Sign up
Forgot password
https://is1-ssl.mzstatic.com/image/thumb/Podcasts116/v4/bd/ac/74/bdac7420-254a-6fbe-3c14-89c99bbb91c3/mza_16679936272534650771.jpg/600x600bb.jpg
Кино айтшы
Journeration
10 episodes
1 week ago
“Кино айтшы” бұл фильм мен сериалдарды талқылайтын, сынайтын, мақтайтын және даттайтын подкаст. Журналист, IT мамандар жәнне кинотанушы Қазақстанда және шетелде шыққан (Ресейден басқа) фильмдерді көреді, сосын студияда кездесіп, пікірін ортаға салады. Үшеуі кәсіби киносыншы емес, бірақ болмасаң да ұқсап бақ деген принципті ұстанады. Ал кинотанушымыз краш! Мені қолдау үшін: 4400 4302 1073 8958 AKERKE ORAZ
Show more...
TV & Film
RSS
All content for Кино айтшы is the property of Journeration and is served directly from their servers with no modification, redirects, or rehosting. The podcast is not affiliated with or endorsed by Podjoint in any way.
“Кино айтшы” бұл фильм мен сериалдарды талқылайтын, сынайтын, мақтайтын және даттайтын подкаст. Журналист, IT мамандар жәнне кинотанушы Қазақстанда және шетелде шыққан (Ресейден басқа) фильмдерді көреді, сосын студияда кездесіп, пікірін ортаға салады. Үшеуі кәсіби киносыншы емес, бірақ болмасаң да ұқсап бақ деген принципті ұстанады. Ал кинотанушымыз краш! Мені қолдау үшін: 4400 4302 1073 8958 AKERKE ORAZ
Show more...
TV & Film
Episodes (10/10)
Кино айтшы
«Қадырдың бақыты»: алғашқы толықметр, қазақ анимациясы және бақыт деген не өзі

Иа, иа, мен сәл тоқтап қалдым. Сәл сүрленіп қалған эпизодты қабыл алыңыздар. Бұл шығарылымда кинотанушы Нұргүл Абдулламен режиссер Қалдыбай Сейдановтың «Қадырдың бақыты» туралы сөйлестік. Бұл режиссердің соңғы туындысы екен. Жалпы эпизодта көбі біле бермейтін ақпарат көп. Тыңдап көріңіздер, өкінбейсіздер.

Эпизодта не туралы айттық:

  • «Қадырдың бақыты» басқа қандай мульфильммен бәсекеге түсті?
  • Қадыр бақытын тапты ма?
  • Мультфильмді неге бәрі көру керек?


Қолданған джингл: ARO - S.O.Seni

Подкасты қолдау үшін: 4400 4302 4721 9048 Akerke Oraz

Show more...
1 year ago
37 minutes 52 seconds

Кино айтшы
«Ойжұмбақ 2» (Inside out 2): Ер Төстікпен ұқсастығы, қазақша дубляждың деңгейі және Ұят

Бұл эпизодта бір апта бұрын шыққан Дисней мен Пиксардың «Ойжұмбақ 2» туындысын талқылаймыз. Тоғыз жыл күттірген мультфильмнің ерекшеліктерін, бас кейіпкерлердің эгосын және туындының бас идеясы неде екенін анықтауға тырысамыз. Эпизодта мына нәрселер талқыланады:

  • Райли мен Ер Төстіктің ұқсас тұстары неде?
  • Мультфильм Қазақстанда түсірілсе қай эмоция бас кейіпкер болатын еді?
  • Қазақша дубляжға көңіліміз толды ма?


Бұл эпизодта кинотанушылар: Еңлік Егеубаева және Нұргүл Абдулла.

Қолданған джингл: ARO - S.O.Seni


Подкасты қолдау үшін: 4400 4302 4721 9048 Akerke Oraz

Show more...
1 year ago
41 minutes 38 seconds

Кино айтшы
«Baby Reindeer» (Бұғышақ) сталкиң туралы жақсы фильм бе?

Бұл эпизодта комик Ричард Гәдтің басынан өткен оқиғаға негізделген сериал туралы айтамыз. Сериал Нетфликстегі барлық рекордты жаңартты. Бүкіл әлем бұл сериалды талқылап жатыр. Эпизодта сталкиң, зорлық, құрбанды айыптау туралы көп айтамыз. Арасында өзіміз де Ричардты басында түсінбегенімізді мойындаймыз.


Дисклеймер: зорлық-зомбылық, сталкиң, виктимблеймиң адам құқықтарына қайшы нәрсе! Ал есірткі адам денсаулығына зиян!


Подкаста қолданған ән - Aro - S.O. Seni

Сұрақтар мен ұсыныстар үшін: journeration@gmail.com

Instagram парақшамызға жазылыңыз: @kinoaitshy


Show more...
1 year ago
35 minutes 35 seconds

Кино айтшы
Соғыс туралы фильмдер: пропаганда ма, өнер ме?

Мамыр айы басталысымен теледидарда екінші дүниежүзілік соғысы жайлы фильмдер көрсетіле бастайды. Арасында КСРО кезеңінде түсірілген, кейде тәуелсіз Қазақстанда түсірілген фильмдерді көрсетеді. Соғыс тақырыбы үгіт-насихатқа, зорлыққа, өлім мен өмірге толы. Ал осы тақырыпта түсірілген фильмдер ше? Мұндай фильмдерге пропаганда ретінде қараймыз ба, әлде өнер ретінде баға береміз бе? Осы сұрақтарды кинотанушы Еңлік Егеубаевамен талқылап көрдік.

Бұл эпизодта мына фильмдер талқыланады:

1. "Ана туралы баллада", 1959

2. "Атамекен", 1969

3. "Отец солдата", 1964

4. "Летят журавли", 1957

5. "Солдаты", 1957

6. "Die Bruke", 1959


Подкасты қолдау үшін:

4400 4302 1073 8958


Подкаста қолданған ән - Aro - S.O. Seni

Сұрақтар мен ұсыныстар үшін: journeration@gmail.com

Instagram парақшамызға жазылыңыз: @journeration


Show more...
1 year ago
28 minutes 40 seconds

Кино айтшы
Корей дорамаларының құдыреті: неге бәрі Кореяны көргісі келеді?

Бұл эпизодта біз журналист Ақдидармен Корей мәдениетіне кіріспе және шолу жасадық. Ақдидар BTS тобының ықпалын, әсерін және олардың өнерін зерттеген. Бұл топ визуализацияны қалай қолданады, фанаттарымен қалай жұмыс істейтіні туралы диплом жұмысын жазған, тіпті сол үшін хейтке ұшыраған.


Эпизодта не талқылаймыз?

  • F4-те кімді жақсы көрдік?
  • Корей дорамаларының ерекшелігі неде?
  • Нетфликс дорамаларды қалай өзгертіп жатыр?
  • Дорамалар фильм-туризмді қалай дамытып жатыр?



Show more...
1 year ago
37 minutes 38 seconds

Кино айтшы
«Dune (Құмбел)»: қарғыс атқан шығарма, шөл дала мәдениеті және Зендея.

Абайла, спойлер! Бұл эпизодта спойлер өте көп. Біздің не айтып жатқанымызды толық түсіну үшін алдымен фильмнің екі бөлімін де көруге кеңес беремін.


Жаңа эпизодта біз Дени Вильневтің «Дюн» (Құмбел) фильмін талқыладық. Вильнев - Спилберг, Нолан, Бертон сынды режиссерлардың қатарына қосылып жатқан жаңа есім. Фильмдегі діннің репрезентациясы, сүйікті кейіпкерлеріміз және фильмді көрместен бұрын не істеу керегін айттық. Сондай-ақ, бұл шығарманы неліктен қарғыс атқан деп атайтынын түсіндіреміз.


Фильмге негіз болған туындының авторы Френк Герберттің өміріне тоқталып, қызық деректерге мән бердік.

Show more...
1 year ago
35 minutes 5 seconds

Кино айтшы
«Менің атым Қожа» кім/не туралы фильм? Майқанова апай краш па?

Фильмді және оған қатысты дүниелерді "Киностанның" атасы Ернар Бекенов пен аудармашы Батырбек Әлімжановпен талқыладық. Бұл эпизодта фильм мен шығарманың айырмашылығын, Майқанова апай краш па және Қожа революционер ма деген тақырыптарды қозғаймыз. Арасында 60-70жж фильм түсірген біздің режиссерлер гений ма, Холлиуд тәжірибесі және Еркін Рақышевтың құлағын шуылдатамыз.

  • "Киностан" телеграм каналы https://t.me/kinostankz
  • Эпизодта кинотанушы Гүлнәр Абикееваның "Нациостроительство в Казахстане и в других странах Центральной Азии" ғылыми еңбегіне сілтеме жасалады.

Сұрақтар мен ұсыныстар үшін journeration@gmail.com

Show more...
1 year ago
40 minutes 55 seconds

Кино айтшы
«Бизнес по-казахский» неліктен сапалы фильм. Франшиза неге бір орында тұрып қалды?

Бұл эпизодта жылда жаңа жылда бәріміз күтетін "Қазақша бизнес" фильмінің барлық бөліміне қысқаша шолу жасаймыз. Франшизадағы бірінші фильм басқаларына қарағанда неліктен сапалы, әйелдер образы стереотиптер туралы айтамыз. Сондай-ақ, бұл фильмдер Қазақстан киноөндірісіне қандай үлес қосқаны туралы сөйлесеміз.


Подкаста қолданған ән:


Aro - S.O.Seni


Сұрақтар мен ұсыныстар үшін journeration@gmail.com


Show more...
1 year ago
39 minutes 42 seconds

Кино айтшы
"Барби" Оскарға лайық па?

“Барби” фильмі Оскар сыйлығына лайық па?  “Дәстүр” фильмі мен “Барбидің” айырмашылығы неде? Барби қуыршағы мен фильмін феминизмің көрінісі деп атай аламыз ба?  Барбиленд утопия ма? Бұл сұрақтарға барби-кинотанушы Еңлік Егеубаева және барби-киносүйер Ақерке жауап беруге тырысады. 


Подкаста қолданған әндер:

Aro - S.O. Seni

Ryan Gosling- I’m just Ken

Billie Eilish- What Was I made for


Сұрақтар мен ұсыныстар үшін: journeration@gmail.com

Instagram парақшамызға жазылыңыз: @journeration


Show more...
1 year ago
42 minutes 10 seconds

Кино айтшы
“Дәстүр” фильмін неге түсінбедік?

“Кино айтшы” бұл фильм мен сериалдарды талқылайтын, сынайтын, мақтайтын және даттайтын подкаст. Екі IT маман мен бір журналист Қазақстанда және шетелде шыққан (Ресейден басқа) фильмдерді көреді, сосын студияда кездесіп, пікірін ортаға салады. Үшеуі де кәсіби киносыншы емес, бірақ болмасаң да ұқсап бақ деген принципті ұстанады.

Алғашқы эпизод Қуаныш Бейсектің “Дәстүр” фильміне арналады. “Киносыншылар” 5 минут бойы фильмде ұнаған жерлерін талқылады, ары қарай фильмді құтқаруға тырысты. Фильмде зорлық тақырыбы қалай көрсетілді, режиссер мен сценарий авторларының фейлы және мұндай фильмдер не үшін түсірілу керек деген сұрақтарға жауап беруге тырыстық.

Подкаст жүргізушілері Ақерке, Еркебұлан және Жалғасхан. 

Дисклеймер: Подкаста “зорланған қыз” деген тіркес бірнеше рет айтылады. Бұл дұрыс емес тіркес, сол үшін кешірім сұраймыз.


Подкаста қолданған ән - Aro - S.O. Seni



Сұрақтар мен ұсыныстар үшін: journeration@gmail.com

Instagram парақшамызға жазылыңыз: @journeration

Show more...
1 year ago
51 minutes 23 seconds

Кино айтшы
“Кино айтшы” бұл фильм мен сериалдарды талқылайтын, сынайтын, мақтайтын және даттайтын подкаст. Журналист, IT мамандар жәнне кинотанушы Қазақстанда және шетелде шыққан (Ресейден басқа) фильмдерді көреді, сосын студияда кездесіп, пікірін ортаға салады. Үшеуі кәсіби киносыншы емес, бірақ болмасаң да ұқсап бақ деген принципті ұстанады. Ал кинотанушымыз краш! Мені қолдау үшін: 4400 4302 1073 8958 AKERKE ORAZ