
"Қателес" подкасты туралы
Подкаст жүргізушісі: Бейбарыс Оразгелдиев
https://instagram.com/beeibarys
https://instagram.com/qateless
Қатеless подкастының идеясы қалай? Подкасқа белгілі бір қызығарлық нәтижеге, жетістікке жеткен кісіні қонақ ретінде шақырып, ол кісімімен жетістікке жету жолындағы 3 сәтсіздігін, не қателігін айтып талқылаймыз. Осылайша бірнеше пайдаға кенелеміз:
⠀
1. Бұрын құрғақ сөзбен естіп, “қателік жасаудан қорықпа” деп, жай ауызбен айтып, іспен жасамай жүрсек, енді, қызығарлық тұлғалардың да біз өткен жолдан өткенін көреміз, олардың бізден айырмашылығы қателіктен қорықпағанында екеніне анық көз жеткіземіз. “Қателесуге деген мотивация аламыз”😄 Сәтсіздіктің соңғы нүкте емес, жай жолда кездесіп тұратын нәрсе екеніне көз жеткіземіз;
2. Адамның жеткен жетістіктері қайталана бермегенмен, олардың қателіктері бәріміздің өмірімізде қайталанып тұрады. Күш, энергия жұмсамай-ақ, түйсіне білсеңіз, қонақтың жасаған қателігін өз өміріңізде қайталамайсыз. Қаншама күш үнемделді. Бірақ қаншама жылдық тәжірбие бірден алынады. Рахат!
3. Сіз бас қатырып жүрген не сіз жауап таппай жүрген мәселені сізге шешімімен айтады. Ал да қолдан;
4. Сіз өзіңіздің Үлкееееееен мәселе деп жүрген нәрсеңізге кейіпкер призмасымен қарап көресіз; Сіз ойлағандай үлкеееен нәрсе емес екенін түсінесіз!
5. Кей нәрселерге ойыңызды өзгертесіз;
6. Санай берсек, көп, ең бастысы қателіктен, сәтсіздіктен қорықпаудың жаңа деңгейіне БІРГЕ өтеміз!
Подкаст тыңдауда сәттілік!