
Төртінші шығарылымның қонағы — сториборд (раскадровка) және комикс суретшісі Алибек Қожагельдиев.
Алибектің осы саладағы мансабы алғаш рет 2015 жылы толық метражды фильмнің сторибордын салғаннан басталды. Соңғы екі жылда ол Айсултан Сейітовтың «ҚАШ», Олжас Баялбаевтың «Взаперти», Дәурен Қамшыбаевтың «Капитан Байтасов», Ерден Телемісовтың «Сасық» фильмдеріне, сонымен қатар көптеген қазақ әртістерінің бейнебаянындарына және коммерциялық жарнамаларға сториборд салған.
Подкаста сториборд қалай жасалатыны, сүйікті жобалары мен шығармашылық процестер жайлы және Алибектің «Біз суперқаһарман емеспіз» атты комикстері туралы әңгімелестік.
«Менің бала кезімдегі комикстерді салу хоббиім қазіргі сториборд суретшісі мамандығына өскеніне мен өте қуаныштымын».