
Подкастымыздың екінші қонағы - Ернар Қуаныш.
Ернар бұл эпизодта "Болашақ" грантын ұтуы және Оңтүстік Калифорния университетінде оқуы жайлы айтты. Оқу барысында басынан өткен қызықты кейстермен бөлісті. Олар: қытай қыздарымен болған түсінбеушілік, гей профессор және плагиат күдігі еді. Бұл кейстер Америкадағы оқуға қатысты картинаныңызды толысу түсуіне көмектесері анық. Сондай-ақ, ол ағылшын тілін үйренуге қатысты да өз пікірін білдірді. Америкада не әлемнің ТОП университеттерінде оқығыңыз келсе, бұл эпизодты тыңдағаныңыз абзал.
@yernar_kuanysh
– PR маманы
– ”Болашақ” түлегі
Time code:
00:00 - Алғы сөз
01:50 - Ернардың өзін таныстыруы
03:50 - Америкада оқу жайлы ой қашан келді
05:50 - Ағылшын тілін үйренуі жайлы
10:00 - Бір аптада ағылшын “үйрететін” марафондар турасында
13:00 - Bolashaq бағдарламасына дайындық
16:00 - Bolashaq грантын ұтуға көмектескен нәрсе
23:00 - Чикаго қаласындағы 6 айлық тілдік курс
26:00 - Америкадағы университет таңдау қалай жүзеге асты
33:30 - Оңтүстік Калифорния университетіндегі оқуы
39:00 - Ол жақтағы университеттің біздікілерден айырмашылығы
42:30 - Кейс №1: Қытай қыздармен болған түсініспеушілік
45:30 - Кейс №2: Плагиат күдігі
52:10 - Кейс №3: Гей профессор
58:10 - Дамыған әлем елдері қабылдаған этикеттер
1:01:00 - Лос-Анджелес қаласындағы өмір
1:04:30 - Америкаға оқуға барушыларға кеңес
1:11:00 - Америка дипломының құдыреті және елдегі алғашқы жұмыс
1:14:00 - Жеке PR компаниясын ашуы
1:16:30 - Америкада оқуға түсу бұрынғыдан оңай
1:18:30 - Қазір сұранысқа ие мамандықтар
1:20:00 - Bolashaq бағдарламасына берген уәделер орындалып жатыр ма?
1:21:30 - Тұрақты айдар: қонақтан екі минуттық месседж
1:22:00 - Соңы. Подкастер сөзі
Подкаст жүргізушіcі: Ербол Молдажанов
Аудиомонтаж, фотограф: Ернар Алмабек
Дизайнер: Аслан Самарханов, Томирис Есқали