
Балаларға мектепте қаржылық және жыныстық сауаттылық пәндерін оқыту керек тақырыбы қанша талқыланса да нүктесі қойылмады.
Көбеймесе азаймай тұрған жыныстық зорлық- зомбылық, жыныстық жолмен тарайтын инфекция, қолдан жасалатын бедеулік мәселелерін қоғамның жыныстық сауаттылық деңгейін көтеру мақсатында ағарту жұмыстарын жасап шешу бір шама оң әсерін берері сөзсіз.
Kozqaras podcast тың кезекті қонағы: отбасылық дәрігер, жыныстық тәрбие бойынша тренер Аслан Темірхан.
Асланмен: вакцинацияға дұрыс емес көзқарастың нәтижесінде қалай біз корь ауруының тарауы бойынша әлемде көш бастадық, балаға секс тақырыбын қалай дұрыс үйрету керек?, жыныстық қатынаста сақтануда қандай заманауи медициналық шешімдер бар? Тақырыптары аясында ағартушылық бағыттағы эпизод жаздық.