
Феминизм бұл әйелдің еркектерді басқаруы емес, гендерлік теңдікке қол жеткізу мақсатында туған қозғалыс.
Феминизм негізі: әйел құқықтарының қорғалуы және әйелдің еркін білім алып, сайлау секілді мемлекеттік маңызды кезеңдерде дауыс бере алуы.
Kozqaras подкасттың бүгінгі қонағы: фембике, зерттеуші Айгерім Құсайынқызы.
Айгеріммен: россизм және гендерлік теңсіздік, зорлықшыларды қорғайтындар - зорлықты қолдайды, күніне 160 миллиард сағат жасалатын әйелдің ақысы төленбейтін жұмысы тақырыптары аясында танымдық эпизод жаздық.
Бұл көп айтыла бермейтін тақырыптар жаңаша көзқарастағы спикермен талқыланған эпизод болғандықтан, эпизодты қайталап көруге кеңес береміз.