
Қазір жақсы жұмысқа орналасу үшін тек білім мен қабілет жеткіліксіз. Резюмеде өзің туралы ақпаратты дұрыс толтыру, жұмыс берушімен алғашқы сұхбатта өзіңді маман ретінде көрсете білу – сенің жұмысқа қабылдануыңа тікелей әсер ететін факторлар. Kozqaras подкастының бүгінгі қонағы – IT рекрутер, 200-ге жуық маманның шетелдік ірі компанияларға жұмысқа орналасуына көмектескен Мирас Топбаев. Мираспен жұмысқа тұру кезіндегі жасалатын негізгі қателіктер, IT саласын неден бастауға болады және осы салада әлемдік компанияларда жұмыс істейтіндей карьера жасау тақырыптары аясында пайдалы эпизод жаздық. Егер ағартушылық бағыттағы ерекше эпизод сізге ұнаса, пікір қалдырып, кері байланыс беруді ұмытпаңыз! пайдалы сілтемелер: 1. Google Grow Courses and Tools – сандық дағдыларды үйренуге және мансапты дамытуға арналған тегін курстар мен құралдарды ұсынады. https://grow.google/intl/europe/courses-and-tools/ 2. Coursera – әлемнің жетекші университеттері мен компанияларынан онлайн курстар мен сертификаттар ұсынатын платформа. https://www.coursera.org 3. Udemy – әртүрлі тақырыптар бойынша курстарды ұсынатын онлайн оқыту платформасы. https://www.udemy.com 4. Enbek.kz – Қазақстандағы жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілерге арналған портал, сонымен қатар онлайн курстарды ұсынады. https://www.enbek.kz/ru 5. Astana Hub – стартаптар мен инновациялар туралы ақпарат беретін ресми парақша. https://www.instagram.com/astana.hub 6. Hello Alem – Alem бағдарламалау мектебінің ресми парақшасы, оқыту бағдарламалары мен жаңалықтарды бөліседі. https://www.instagram.com/hello.alem