
“Kozqaras podcast-тың” кезекті қонағы кәсіпкер, Steppe&World баспа үйінің негізін қалаушы - Раиса Сайран Қадыр.
Раиса ханыммен «Дипломаттар отбасында дүниеге келудің ерекшеліктері», «Харри поттер Қазақ тіліне қалай аударылды?», «Кітап баспасы саласында табыс бар ма?» тақырыптары аясында қызықты әрі пайдалы эпизод жаздық. 
7 тілді меңгерген, декретте отырып Европада жоғары сұранысқа ие болған киім брендін жасай алған іскер Қазақ әйелінің өмірге көзқарасын тыңдап, бұл әлемде шектеу жоқ екеніне кезекті рет көз жеткізеріңіз сөзсіз. 
"KOZQARAS" промо-кодын қолданып, демеушіміз "Waffle" тәттілеріне 10% жеңілдік алыңыз!
Промокод осы подкаст шыққан күннен бастап 20-cәуірге дейін, тек Алматы қаласында ғана қолданылады.
Instagram - https://www.instagram.com/waffle_kex
таймкод:
00:00 Кіріспе
02:56 Раиса ханыммен танысу
06:31 Дипломатиялық отбасыда дүниеге келудің артықшылықтары
11:53 Достықтан туған отбасы - ең мықты отбасы
13:31 Әлеуметтік антропология туралы
20:30 Жеті тіл білсең - жеті адамсың
27:58 Моңғолияда тұратын Қазақтар туралы
31:46 Қазақстанға қоныс аудару
33:56 Баспа үйін ашу идеясы неден туды?
40:16 «Норвег орманы» кітабы туралы
43:41 Алғашқы аудармалар 
52:34 «Харри поттер» Қазақ тіліне қалай аударылды?
56:54 Қазақтар кітап оқымайды
58:30 Кітаптар қалай шығады?
1:04:04 Осы жылы Steppe&World-тан қандай кітаптар күтеміз?
1:07:12 Неге балаларға арналған кітаптар?
1:15:53 Кітап баспасы саласында табыс табуға болады ма?
1:26:38 Қорытынды