
Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университетінің қауымдастырылған профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты, ғалым Бақтылы Боранбаеваның жаңадан жарық көрген «Ұлы Отан соғысына қатысқан Батыс Қазақстан облысының қазақ қыздары» және «Каспустин Яр» әскери полигоны: қазақ депортациясы» атты қос кітабы – қазақ тарихындағы тыңнан түрен салған еңбектердің бірі. Алғашқы кітабында автор еш жерде жарияланбаған, тың деректер арқылы Ұлы Отан соғысына Батыс Қазақстан облысынан қатысқан 21 жауынгер қыздың есімін енгізген болса, екінші кітабында Қазақстынның батысынан оңтүстігіне көшірілген қазақтардың күйі мен сол кездегі тарихи шындық жайлы сыр шертеді.