All content for DEPPA podcast is the property of QazaqGrammar × QialDub and is served directly from their servers
with no modification, redirects, or rehosting. The podcast is not affiliated with or endorsed by Podjoint in any way.
QazaqGrammar мен QialDub админдері жүргізетін, мәдени трендтерді талқылайтын подкаст.
01. The Last of Us сериалы және оның қазақша дыбыстамасы
DEPPA podcast
1 hour 6 minutes 38 seconds
2 years ago
01. The Last of Us сериалы және оның қазақша дыбыстамасы
Біз ғана тірі (ағылш. The last of us, тікелей аудармасы – Соңғы тірі қалғандарымыз) — Крейг Мейзин мен Нил Дракман түсірген апокалипсистен кейінгі өмірді баяндайтын драма. Naughty Dog студиясы жасаған 2013 жылғы видеоойынға негізделген бұл хикаядағы оқиғалар 2023 жылы орын алады. Сериал жасөспірім Еллиді (Белла Рамзи) жеткізіп тастау үшін постапокалипстік АҚШ-ты кезіп өтуді көздеген контрабандист Жоел (Педро Паскаль) туралы. Сондай-ақ хикаяда зомби тәрізділерге айналдыратын саңырауқұлақ инфекциясы (Ophiocordyceps unilateralis) жайлы баяндалады.
Подкастымыздың алғашқы шығарылымында “Біз ғана тірі” сериалын қалай дыбыстағанымыз туралы және сериалдың идеясы мен қызықты фактілері туралы талқыладық. Подкастқа қатысушылар: Әмір Өсерхан, Мақсат Арзаман және Нұрсұлтан Бағидолла.
Шығарылымда аталған сілтемелер: https://w.wiki/6TLv
The Last of Us қазақшасының телеграм арнасы: https://t.me/tlouqazaq
QazaqGrammar: https://instagram.com/qazaqgrammar
QialDub: https://t.me/qialdub
Шығарылымда HDrezka поштасы қате айтылған, дұрыс нұсқасы міне: support@hdrezka.org
DEPPA podcast
QazaqGrammar мен QialDub админдері жүргізетін, мәдени трендтерді талқылайтын подкаст.