Бүгінгі қонағымыз – қытайтанушы Ақбота Ахметқызы. Біз бұл шығарылымда қытай халқының дүниетанымы, тарихы, тілі мен діні туралы әңгімелестік. Неге синофобия бар, кейінгі жылдары Қытайдың демографиясы қалай өзгерді және қытай тілін оқу қажет пе – осы және өзге де сұрақтардың жауабын BIZDIN PODCAST-тан біліңіз.
Бүгінгі қонағымыз – робототехник, ЖИ маманы Азамат Ешмұхамедов. Біз роботтар мен жасанды интеллектіден төнетін қауіп, Қазақстанның осы саладағы әлеуеті және отандық нейрожелілер туралы әңгімелестік.
Психикалық аурулар туралы не білеміз? Шизофрения дертінің емі бар ма? Бұл сырқатқа шалдыққандар қоғамға қауіпті ме? Оған сыртқы факторлар әсер ете ме, әлде тұқым қуалай ма? Осы және өзге де сұрақтарды психиатр, психотерапевт Алмагүл Айтжановамен бірге талқыладық.
Бүгінгі шығарылымда жапонтанушы Иса Базарбаевпен бірге жапон халқының тарихы мен мәдениетіне үңілдік. Атап айтқанда, Мейджи дәуірі, монархиялық жүйеге деген сенім, “жоғалған 30 жыл” және халықтың қартаю процесі туралы әңгімелестік.
Одан бөлек, подкаста жапон халқының гастромәдениеті, тілі мен діні, экономикасы мен ғылымы туралы да айтылады.
Абсолют есту қабілетімен өмір сүру қиын ба? Бетховен қалай музыка жазды? Кейбір әндер неге мида жатталып қалады? Димаш феномен бе? Калифарния неге жанды дауыста ән айта алмай қалды? Осы және өзге де қызық сұрақтардың жауабын BIZ-ге музыкатанушы Балнұр Сардарбек айтып берді.
үгін – Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні. Осыған орай, біз эндокринолог ғалым Құралай Атагелдиеваны қонаққа шақырып, ең кең тараған аурулардың бірі – қант диабеті туралы сөйлестік. Қант диабетінің қанша түрі бар, олардың алғашқы белгілері қандай, гормондар қызметі бұзылса, қалай күтіну керек деген сұрақтардың жауабын осы шығарылымнан біле аласыздар. Сондай-ақ қандағы қант деңгейіне тамақ мен ұйқының әсерін де талқыладық.
Бүгінгі қонағымыз киносыншы Әсия Бақдаулетқызымен қазақ киносының дамуы жайында сөйлестік. Подкаста сондай-ақ француз, итальян, саха, иран халықтарының кинематографиясы, қазақ режиссерлерінің қолтаңбасы және образдар мен жанрлар туралы айтылады.
Бүгінгі шығарылымда әдебиет сыншысы Амангелді Кеңшілікұлымен қазақ әдебиетінің қазіргі жағдайы, танылмай қалған қаламгерлер, мектеп оқулықтары мен әдебиеттің коммерциялануы туралы сөйлестік.
Бүгінгі қонақ – ядролық физика маманы, PhD Бақытжан Оразбеков. Сұхбат барысында ядролық тізбекті реакция, атом бомбасы, Чернобыль мен Фукусима апаты және АЭС-тің жұмысы туралы әңгіме қозғалды.
Бүгінгі қонағымыз – ғалым-аудармашы, PhD, Абердин университетінің түлегі Гүлшат Бақытжанқызы. Ол өзінің ғылыми зерттеулеріне сүйеніп, 1920-1930 жылдарда, тоталитаризм кезінде, аудармаға әсер еткен факторлар туралы әңгіме қозғады. Сондай-ақ подкаста қазіргі аударма ісінің дамуы, мәтін манипуляциясы, мәдениеттің «мені» секілді қызық тақырыптар жайында сөйлестік. Ғалым Ж.Аймауытұлы, Т.Абайұлы мен М.Әуезовтің аудармаларына жеке-жеке тоқталады.
Су тапшылығы мәселесі қалай шешіледі? Қазірден кейбір өңірлерімізге су жетіспей жатса, болашақта не болмақ? Арал мен Каспийге биыл cу мол келгені рас па? Ауыз су бағасын көтеру керек пе? Осы және өзге де су шаруашылығына қатысты өзекті сұрақтарды инженер, гидротехник Ерлан Бадашевпен бірге талқыладық.
Бүгінгі қонағымыз – ҚР Президенті Іс басқармасы Медицина орталығы ауруханасының лор-дәрігері Медет Маханбет. Ол медицина саласындағы кәсіби тәжірибесін бөлісіп, мұрын мен құлақ ауруларының алдын алу жөніндегі кеңестерін айтты. Подкаста есту қабілетін қалпына келтіру, гайморит пен ангинаны емдеу, құлаққа күтім жасау, тұмаудан сақтану және маманға дер кезінде қаралудың маңызы туралы әңгіме қозғалады. Сондай-ақ мұрынға арналған дәрілерді ұзақ уақыт тамызудың зияны мен үйде ем жасаудың қатерлері туралы сөйлестік.
Бүгінгі қонағымыз – әлеуметтанушы ғалым Айгүл Сәдуақасова. Бұл шығарылымда қазақ әлеуметтануының тарихы, зерттеу жасау әдістері және қоғам пікірі мен құндылықтарының өзгерісі туралы сөйлестік.
Сондай-ақ подкаста осы саладағы жаңа трендтер мен табу тақырыптар туралы әңгіме қозғалды.
Бүгінгі қонағымыз – ғалым-математик Дөрбетхан Сұраған. Бұл шығарылымда математиканың маңызы, «ықтималдық теориясы» және мыңжылдық есептер туралы сөйлестік. Сондай-ақ подкаста ғылыми математика мен мектептегі математиканың айырмашылығы, осы саладағы әйелдердің аздығы және қазақ ғалымдарының зерттеулері туралы әңгіме қозғалады.
Дөрбетхан Сұраған – PhD, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, Ferran Sunyer i Balaguer Prize халықаралық сыйлығының Орта Азиядағы ең жас әрі бірінші лауреаты, әлем бойынша еңбектеріне келтірілген сілтемелер саны ең көп қазақ ғалымдарының бірі.
Бүгінгі қонағымыз – нейрохирург Нұрзат Сығай. Бұл шығарылымда ми аурулары, оларды анықтау және емдеу жолдары туралы сөйлестік. Сондай-ақ подкаста ми құрылымы, наркозсыз ота жасау процесі және ми туралы мифтер айтылады.
Подкастың алғашқы қонағы – астрофизик Бекдәулет Шүкірғалиев. Бұл шығарылымда Жерден тыс тіршілік, Марстағы өмір, «Қара құрдымнан» төнетін қауіп және келімсектер туралы әңгімелестік. Сондай-ақ подкаста ғарышты игерудің басты мақсаты мен қазақ ғалымдарының осы саладағы мүмкіндіктері туралы айтылады.
Бонус ретінде «Ретроградный Меркурий» мен «Полнолуние» туралы да әңгіме қозғалды:)