
Танымал музыкант Ильхан Ихсан Aiqap подкастының қонағы болды. Подкаст барысында Ильханмен оның шығармашылық жолы, отбасы тарихы мен музыкалық мұрасы жайлы жан-жақты әңгімелестік.⠀Ильхан тегіндегі «-ов» жалғауынан арылу себептерін түсіндіріп, қазақ тіліндегі әншілердің сахнадағы орнын талқылады. Ол Ninety One тобына алғысын білдіріп, олардың арқасында қазақ музыкасының дамығанын атап өтті.⠀Сондай-ақ, Қайрат Нұртаспен жұмыс істеу процесі, авторлық құқық, плагиат мәселелері және хит әндердің қалай пайда болатыны туралы ойларымен бөлісті.⠀Подкасттың ең әсерлі сәттері – Ильханның ата-бабалары жайлы айтқан естеліктері: күйші, жыршы, термеші болған бабасы Жетпіс Исатайұлы мен күйші, актер атасы Мұханов Ихсан жайлы деректер өте әсерлі болды.