Home
Categories
EXPLORE
True Crime
Comedy
Society & Culture
Business
News
Sports
TV & Film
About Us
Contact Us
Copyright
© 2024 PodJoint
00:00 / 00:00
Sign in

or

Don't have an account?
Sign up
Forgot password
https://is1-ssl.mzstatic.com/image/thumb/Podcasts115/v4/f2/6d/3b/f26d3b12-4055-1d20-41ab-ddfb2bbfc387/mza_7142068409386681189.jpg/600x600bb.jpg
Тамаша жыл - The Big Year
Тамаша жыл - The Big Year
100 episodes
9 months ago
This is one of the first podcasts in Kazakh language on iTunes. This daily show presents the content on personal development, productivity, positive thinking and more. Start your day fresh!

Бұл аудио подкаст күн шуағымен жарыса оянып, күнін жаңа идеямен, қуанышпен бастағысы келетіндерге арналған. Күніңізді әдемі, қуанышты ноталармен бастағыңыз келсе, менің аудио шоуларым таптырмас шешім (уәде беремін)!
Show more...
Self-Improvement
Education
RSS
All content for Тамаша жыл - The Big Year is the property of Тамаша жыл - The Big Year and is served directly from their servers with no modification, redirects, or rehosting. The podcast is not affiliated with or endorsed by Podjoint in any way.
This is one of the first podcasts in Kazakh language on iTunes. This daily show presents the content on personal development, productivity, positive thinking and more. Start your day fresh!

Бұл аудио подкаст күн шуағымен жарыса оянып, күнін жаңа идеямен, қуанышпен бастағысы келетіндерге арналған. Күніңізді әдемі, қуанышты ноталармен бастағыңыз келсе, менің аудио шоуларым таптырмас шешім (уәде беремін)!
Show more...
Self-Improvement
Education
https://is1-ssl.mzstatic.com/image/thumb/Podcasts115/v4/f2/6d/3b/f26d3b12-4055-1d20-41ab-ddfb2bbfc387/mza_7142068409386681189.jpg/600x600bb.jpg
#96. GTD: тайм-менеджмент жайлы
Тамаша жыл - The Big Year
13 minutes 34 seconds
5 years ago
#96. GTD: тайм-менеджмент жайлы
Getting Things Done  (GTD) - танымал тиімділік  жүйелерінің бірі. Осы әдісті қолдану арқылы миыңызды тазартып, сіз үшін маңызды істерге көңіл аудара аласыз; нәтижесінде ең тиімді істерге уақыт жұмсап, көбірек нәтижеге қол жеткізе аласыз.  Үнемі жұмысыңыз көп, бітпейтін тәрізді болып көрінсе,  GTD сіз үшін таптырмас жол, себебі барлық ойды орталық жүйеге жинау арқылы өміріңізді өзгерте аласыз.  GTD арқылы өміріңізде тыныштық орнайды, себебі хаос пен бітпес өрттер аяқталады. Өрт сөндіруші рөліңізден шығасыз. Бүгін сізді GTD жүйесімен таныстырмақшымын.  GTD (Getting Things Done) - бұл тиімді жұмыс істеу жүйесі және  Дэвид Алленнің кітабының аты. Негізгі мақсаты - қажетті нәрсені істей білу, соңына дейін жеткізу, және  сізге ұнайтын нәрсеге көбірек уақыт бөлу. GTD-дің басты қағидасы- барлық ойды  қағазға түсіру. Осылайша сіз миыңызды босатып, оның потенциалын жұмыс үшін пайдалана аласыз. Сіз өзіңіз бекіткен жүйеге 100% сенуіңіз керек және барлық  тапсырмалар, идеялар мен жобалар туралы ойлар осында жинақталуы керек. Біраз уақыттан кейін құрған жүйеміз тұрақталып, сенімді болған кезде, біздің санамыз  барлық қажет нәрсені бақылауын және үнемі еске салуын тоқтатады. Нәтижесінде стресс азаяды және қымбат уақытты тиімді ойлар мен істерге жұмсай аламыз. Сізге мұндай жүйе керек пе? Келісесіз бе? Қағазы мен қарындашы бар әр бала мұны істей алады. Электронды құралдарды ұнатсаңыз, телефон мен компьютерді де қолданса болады.  Ең алдымен  келесі тізімдерді жасау керек: Кіріс тізімі Келесі әрекеттер тізімі Күту тізімі Жобалар Бір күн / мүмкін тізімі   Бұл тізімдер  GTD жүйесінің негізгі қаңқасын құрайды және  үнемі қаралып отырылуы қажет. Қазір әр тізімді жеке-жеке  талдаймыз.   Кіріс тізім Басыңызға ойлар, істер мен  тапсырмалар келген кезде кірістер тізіміне енгіземіз. Марсқа адамдарды ұшырғым келетіннен бастап сағатымды жөндеуге апарамынға дейін тізімге ену керек. Ойларды сұрыптамасаңыз да болады, барлық ойлар кірістер тізіміне ену керек. Ойларды кірістер тізіміне енгізуге кедергілер мейлінше болмағаны жөн. Кірістер үшін арнайы дәптер, блокнот бастасаңыз немесе телефонға жазсаңыз болады.  Ең бастысы, ой басыңызға келе қалғанда, бірден түртіп алу керек. Сөйтіп, мидың жұмысын жеңілдетеміз.  GTD-ді алғаш рет қолдана бастағанда, басыңызды мың түрлі ойлардың болғанын байқасыз. Мидағы істеуім керек, істегім келетіндердің бәрін кіріс тізіміне енгізіңіз.  Ең алғашқы күн кіргізуге бір сағат кетуі мүмкін. Бассейнге жазылуыңыз керек пе? Жаңа шалбар алуыңыз керек пе? Жолдан тәтеңізге соға кетуіңіз керек пе? Подкаст жазғым келеді дейсіз бе? Бәрі, бәрі кіріс тізімне ену керек.  Мида бос, сенделіп жүрген ойлар болмауы керек.    Кіріс  тізімін өңдеу GTD-ді алғаш рет қолдана бастаған болсаңыз, бастапқы «миды босату» кезінде кірістер тізіміне бір тонна ақпарат жиналады. Ах, байқұс миымыз ай. Енді бұл ойлардың бәрін біртіндеп өңдеу керек. Кейін бұл жүйн  қалыпты режимге айналғанда өңдеу процесі үздіксіз жүретін болады.   Ал өңдеуді бастайық. Тізімдегі элементтер жазылған реті бойынша бір-бірден өңделуі керек. Өңдеген кезде өзіңізге қояр бірінші сұрақ: “Әрекетті қажет ете ме? - Басқаша айтқанда, бұл ой бойынша бірдеңе істеу керек пе? Жауабыңыз ЖОҚ болса, келесі әрекеттерді істеңіз.  1. Сіз үшін қажеттілігі кетіп қалса, сызып тастаңыз. 2. «Маған бұл мақала, кітап бір күн керек болар » деген тәрізді ақпарат болса, анықтамалық материал ретінде сақтаңыз. 3. Немесе “италиян тілін үйренгім келеді” деген тәрізді ой болса, «бір күні / мүмкін тізіміне» қосыңыз 4. Ойды инкубациялау. Ой, кешіріңіз мені. Бәрі оңай деген сияқты едім. Шынымен де оңай.  «Мен бұл мақаланы шынымен түсінбедім, екі аптадан кейін қайта оқимын” деген ой болса, міндетті түрде күнтізбеге енгізуі керек.      Сіз өңдеп жатқан элемент әрекетті қажет етсе, басқаша айтқанда: бұл ой бойынша бірдеңе істеу керек болса, «келесі әрекет қандай?» деген сұрақты қою керек. Сұрақтың жауабы келесі істелетін нақты әрекет болуы керек. Мәселен, “подкаст бастаймын” емес, “Ертең микрофон сатып аламын” , “Та