Home
Categories
EXPLORE
True Crime
Comedy
Society & Culture
Business
News
Sports
TV & Film
About Us
Contact Us
Copyright
© 2024 PodJoint
00:00 / 00:00
Sign in

or

Don't have an account?
Sign up
Forgot password
https://is1-ssl.mzstatic.com/image/thumb/Podcasts116/v4/40/8a/01/408a0115-d2ab-ca74-e843-69dc4aa33bca/mza_4305140063917424890.jpeg/600x600bb.jpg
==== "Өмір сөздері", "Жақсы хабар", "Евангелие әндері" - Қазақстанда айты
Kazakhstan Words of Life No.1
81 episodes
9 months ago
==== "Өмір сөздері", "Жақсы хабар", "Евангелие әндері" - Қазақстанда айтылатын негізгі тілдер. / “Words of Life”, “Good News”, “Gospel Songs” - Main Languages Spoken in Kazakhstan. / ”Слова жизни“, “Благая весть”, “Евангельские песни” - основные языки, на которых говорят в Казахстане. ====
Show more...
Religion & Spirituality
RSS
All content for ==== "Өмір сөздері", "Жақсы хабар", "Евангелие әндері" - Қазақстанда айты is the property of Kazakhstan Words of Life No.1 and is served directly from their servers with no modification, redirects, or rehosting. The podcast is not affiliated with or endorsed by Podjoint in any way.
==== "Өмір сөздері", "Жақсы хабар", "Евангелие әндері" - Қазақстанда айтылатын негізгі тілдер. / “Words of Life”, “Good News”, “Gospel Songs” - Main Languages Spoken in Kazakhstan. / ”Слова жизни“, “Благая весть”, “Евангельские песни” - основные языки, на которых говорят в Казахстане. ====
Show more...
Religion & Spirituality
https://is1-ssl.mzstatic.com/image/thumb/Podcasts116/v4/40/8a/01/408a0115-d2ab-ca74-e843-69dc4aa33bca/mza_4305140063917424890.jpeg/600x600bb.jpg
Қазақ тілі : Марк Евангелие: 15: 27-47.3gp
==== "Өмір сөздері", "Жақсы хабар", "Евангелие әндері" - Қазақстанда айты
4 minutes
3 years ago
Қазақ тілі : Марк Евангелие: 15: 27-47.3gp
 Kazakh: Gospel of Mark: 15: 27-47.3gp / Казахский язык: Евангелие от Марка: 15:27-47.3gp // Марқа 1527 Жасақшылар Исамен бірге екі қарақшыны※ да, біреуін оң, екіншісін сол жағындағы айқыш ағаштарға керіп шегелеп тастап, тік көтеріп қойды. 28 (Киелі жазбада: «Ол қылмыскерлердің қатарында саналды»※ деп алдын ала айтылған сөз осылай іске асты.) 29 Қасынан өтіп бара жатқандар Исаға тіл тигізді. Олар бастарын шайқап: «Әй, киелі үйді бұзып, үш күнде қайта тұрғызушы! 30 Айқыштан түсіп, Өзіңді құтқарып ал!» — деп Оны келеке етті. 31 Сол секілді, басты діни қызметкерлер мен дін мұғалімдері де Оны мазақтап бір-біріне: «Мынау басқаларды құтқарыпты, бірақ Өзін құтқара алмайды екен! 32 «Исраилдің Патшасы Мәсіх» қазір-ақ айқыштан түссін! Көзімізбен көрейік, сонда Оған сенеміз», — десті. Жанындағы айқыштарға шегеленген қылмыскерлер де Исаны балағаттап тілдеді.※33 Ал тал түсте бүкіл жерді қараңғылық басып, ол үш сағатқа созылды.※ 34 Сағат үште Иса қатты дауыспен айқайлап: «Ілои, Ілои! Лама сабахтани?» — деді. Өз тілінде бұл «О, Құдайым, Құдайым! Неліктен Мені жалғыз қалдырдың?» дегенді білдіреді.※. 35 Сол жерде тұрғандардың кейбіреулері мұны естігенде: «Қараңдар, Ол Ілиясты※ шақырып жатыр», — десті. 36 Біреуі жүгіріп барып, бір сорғышты сірке суына батырып алды. Оны таяқтың ұшына қадап, Исаға ішуге ұсынды да: «Күте тұрайық, Ілияс келіп, Оны түсіріп алар ма екен көрейік!» — деп кекетті. 37 Ал Иса қатты дауыстап жіберіп, жан тәсілім етті. 38 Сол сәтте киелі үйдегі шымылдық※ жоғарыдан төменге дейін қақ айырылып, екіге бөлінді. 39 Исаның қарсы алдында тұрған жүзбасы Исаның осылай жан тәсілім еткенін көргенде: «Бұл Адам шынымен Құдайдың рухани Ұлы екен!» — деп мойындады. 40 Сол жерде алысырақтан қарап тұрған әйелдер де болды. Араларында мағдалалық Мәриям, кіші Жақып пен Жүсіптің шешесі Мәриям※ және Салома бар еді. 41 Олар Иса Ғалилеяда болған кезінде Оған еріп, қызмет етіп жүретін. Сондай-ақ Онымен бірге Иерусалимге келген басқа да көптеген әйелдер сол жерде тұрды.※Мәсіхтің қабірге қойылуы42 Бұл күн діни демалыс күнінің алдындағы әзірлік күні — жұма болатын. Сондықтан кеш түспес бұрын  43 ариматеялық Жүсіп батылдықпен Пилатқа барып, одан Исаның мәйітін қабірге қоюға рұқсат сұрады. Жоғарғы кеңестің беделді мүшесі болған Жүсіп Құдайдың Патшалығының жер бетінде орнауын※ аңсап күтіп жүрген жан еді. 44 Пилат Исаның сонша тез өліп қалғанына таңданды; жүзбасыны шақырып алып, одан: «Ол өлгелі көп болды ма?» — деп сұрады. 45 Жүзбасынан солай екенін біліп алған соң, Пилат мәйітті Жүсіпке бергізді. 46 Жүсіп бәтес※ кебін сатып алып келіп, Исаның мәйітін айқыштан түсіріп, кебінге орады. Содан оны жартастан үңгіп жасалған бір қабірге апарып қойды. Мұнан кейін қақпақ тасын※ домалатып әкеліп, қабірдің кіреберіс аузын сонымен жауып тастады. 47 Мағдалалық Мәриям мен Жүсіптің шешесі Мәриям мәйіттің қайда қойылғанына қарап тұрды.© Bible.is, a ministry of Faith Comes By Hearing ®. Terms and Conditions